-
ЭКГ – брадикардия түрінде өзгерістер және тісшелердің вольтажның төмендеуі;
-
Кәріжілік-білезік буының рентгенограммасы – сүйектену ядроларының пайда
болуының кідіруі, олардың асимметриясы пайда болуының бір ізділігінің бұзылуы. Тек
3-4 айлығында айқындалады;
-
Қалқанша бездің УДЗ.
Емі.
Емнің негізгі әдісі, тиреоидты дәрілермен өмірлік орынбасу емі болып
саналады. Бұл дәрілерге L-тироксин, трийодтиронин, тиреотом, тирекомб, эутирокс
жатады. Таңдаулы дәрі болып синтетикалық L-тироксин саналады. L-тироксинде әсер
етуші зат болып левотироксин натрий саналады. Осы дәрі адамның табиғи гормоны
тироксинге ұқсас болғандықтан синтетикалық дәрілерден артық болып есептеледі. Бұдан
басқа оны қабылдағаннан кейін қанда «қор» жинақталады да, қажет болған жағдайда
тироксиннің дейодталу жолымен оның үшйодтытиронинге айналып пайдаланылады.
Сонымен, қанда үшйодтытирониннің шыңдық, ең жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуын
болдырмауға болады. Барлық тәуліктік мөлшерін ертеңгілік астың алдынды 30 минут
бұрын ерітпей азғантай көлемде сумен қосып қабылдаған дұрыс. Осы кезде дәрінің
физиологиялық деңгейі тәулік бойы сақталады. Дәрінің жеткілікті мөлшерін таңдау әрбір
науқастың жағдайына және тиреоидты жеткіліксіздіктің дәрежесіне байланысты. Бастапқы
мөлшері тәулігіне 10-15мкг құрайды, кейін мөлшерін көбейте отырып қолайлы мөлшерге
жеткізеді. Дәрінің тағайындалған мөлшерінің сәйкестігіне, науқастағы гипо- немесе
гипертиреоздың белгілерінің жоғалуы, ТТГ деңгейінің қалыпқа түсуі дәлел бола алады.
Ескеретін жәйт, орынбасу емін бастағаннан кейін Т4 деңгейі 12 аптадан кейін, ал ТТГ-34
аптадан кейін қалпына келеді.
Емдік шаралар кешеніне витаминдерді, емдік дене тәрбиесін (ЕДТ), уқалау, ақыл-
ойдың қалыс қалуын түзетуші дәрілер енгізілу керек. Мейлінше ерте басталған орынбасу
емі аурудың ақырына қолайлы әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: