Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ГИПОТИРЕОЗ



Pdf көрінісі
бет782/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   778   779   780   781   782   783   784   785   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

15.2.1.2. ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ГИПОТИРЕОЗ
Жүре пайда болған гипотиреоз жеке нозологиялық ауру ретінде қарастырылмайды.
Оның клиникалық және лабораториялық симптомдары әр түрлі аурулары бар науқастарда
дамиды.
Этиологиясы
.
Біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз мыналардың салдарынан
дамиды:
- эндемиялық йод тапшылығында;
- аутоиммунды тиреодитте;
- қалқанша безге операцияларда;
- қалқанша бездің қабыну және ісік ауруларында;
- тиреотоксикозды тиреостатикалық дәрілермен қадағалаусыз емдеу.
Екіншілік жүре пайда болған гипотиреоз гипофиздың түрлі зақымдануының салдары
болуы ықтимал:
- туылу кезіндегі жарақаты;
- мидың қабыну және жарақатты зақымданулары;
- оперативты және сәулелік гипофиз эктомиясында.
Клиникасы.
Клиникалық көрінісі аурудың бастапқы кезеңіндегі баланың жасына
және бездің функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты. Аурудың бастапқы кезеңінде
неғұрлым науқас бала ересек болса, соғұрлым гипотиреоз баланың бойының өсуіне және
интеллектуалды дамуына аз әсер етеді. Бірақ балада терінің құрғауы, іш қату, брадикардия,
интеллектуалды белсенділіктің төмендеуі, бойдың өсуінің кідірісі мен тоқтауы байқалады,
ол міндетті түрде қанның сарысуында Т3, Т4 және ТТГ деңгейін анықтау мен тексеруді
қажет етеді.
Емдеу.
Жүре пайда болған гипотиреоздың емін себебіне қарамастан L-тироксинмен
жүргізеді. Дәрінің бастапқы мөлшері тәулігіне 25мкг құрайды, күніне бір рет ашқарынға
738


тәңертең қабылдайды. Кейінгі мөлшерін (дозасын) қан сарысуындағы гормондардың
концентрациясын қадағалай отырып, апта сайын максималды көтере алатын қолайлы
дозаға көтереді. Қажетелігіне байланысты тәуліктік мөлшері орташа есебпен 50-ден 150
мкг дейінгі аралықта болады.
15.3. ЖАЙЫЛМАЛЫ УЫТТЫ ЖЕМСАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   778   779   780   781   782   783   784   785   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет