түсіргенде жоғарғы қабақтың, көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы, Кохер
симптомы – тез жоғары қарағанда жоғарғы қабақтың тартылуының артуы.
Көздің мүйізді қабығы мен коньюктивасының жалтырауы (Краус симптомы),
коньюктиваның гиперемиясы (Гольдцигер симптомы), жарықтан қорқу, мүйізді қабықтың
трофикалық бұзылыстары байқалады. Көз түбін қараған кезде оның торлы қабатты
тамырларының кеңеюі, пульсациясы (Беке симптомы) байқалады.
Ескеретін жәйт кейбір науқастарда көздік симптомдар білінбеуіде ықтимал.
Жайылмалы уытты жемсаудың басқа симптомдары бола тұра, көздік симптомдардың
болмауы, осы ауруды тиреоидты гормондардың деңгейінің жоғарлауымен өтетін басқада
жағдайлардан ажыратуды қажет етеді.
Тиреотоксикозға шектес аутоиммунды аурулар қатарына эндокриндік офтальмо-
патия, претибиалды микседема, қант диабеті жатады. Эндокриндік офтальмопатия
басқалардан көрі жиі жайылмалы уытты жемсауда кездеседі. Ол көз қозғағыш бұлшық
еттің жарғағына қарсы антиденелердің түзілуіне және олардың лимфоцитарлы
тығыздалуына байланысты, осы процесс ретробульбарлы тіндергеде таралады.
Солардың салдарынан ісік, қабақтың гиперпигментациясы, экзофтальм пайда
болады.
Жайылмалы уытты жемсау кезінде шеткі қанда лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз,
кейде тромбоцитопения, ЭТЖ артуы байқалады. Ал қызыл қан өзгермеген.
Жайылмалы уытты жемсау жеңіл, орташа және ауыр дәрежеде өтеді:
1.
Жеңіл дәрежесі науқастың 10% арықтауымен, пульс ырғағының бұзылусыз
100 соқыға дейін жиілеуімен сипатталады.
2.
Орташа ауырлықтағы дәрежесіне – 20% дейін арықтау, пульстың 100-120
соққыға дейін артуы, кейде қан айналысының жеткіліксіздігімен өтетін
микрокардиодистрофия-ның белгілері, нерв-бұлшық ет бұзылыстары, қанқа бұлшық ет
гипотониясы, астенодепрессивті синдром тән. Т
3
және Т
4
деңгейі 60% дейін жоғарлайды.
3.
Ауыр дәрежесінде 21%-дан артық арықтау, пульсі минутіне 120 соққыдан
көп болуы, жүрек-қан тамыры жүйесінде айқын өзгерістер, ұстамалы немесе тұрақты
жыбыр аритмиясы, қан айналысы жеткіліксіздігінің II-III дәрежесі, тиреотоксикалық
гепатит, эндокриндік офтальмопатия тән. Т
3
пен Т
4
деңгейі 60% артық жоғарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: