Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет79/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

2.
Генетикалық;
2.
Сыртқы
факторлардың генетикалық факторлармен қосарлануы.
Экзогенді тератогенді факторларға төмендегілер жатады:
- ионизациялық радиация клеткалардың өліміне, гендер мутациясына әкеліп соқтыруы
мүмкін;
- көптеген вирусты инфекциялар (ұшпа, тұмау (грипп), энтеровирусты инфекциялар,
вирусті гепатит, цитомегалия, герпетикалық инфекциялар және басқалар);


- фармакологиялық дәрі-дәрмектер (цитостатиктер, стероидтар, салицалаттардың үлкен
дозалары және басқалар);
- кейбір ауыл шаруашылығында қолданылатын, әсіресе құрамында сынап, қорғасын,
кадмий және басқалар бар, улы заттар;
- металлдар, шаруашылық улары (пестицидтер, гербицидтер және олардың ішінде
мысалы ДДТ).
Соңғы онжылдықта жүкті әйел организмінде көптеген тағамдық заттардың, әсіресе
фоль қышқылының, мыстың, мырыштың және басқа эссенциальды нутриенттердің
жетіспеуінің жағымсыз әсерінің айтарлықтай екені анықталып отыр. Ұрықтану алдында
әйелдің қалыпты тамақтанбауының өзінің тератогенездік маңызы анықталған.
1.2.2. ТУЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕНЕ ДАМУЫ
Дене дамуы туралы ғылым – балалық шақтың жастық анатомиясы мен физиология-
сының өзіндік фрагменті. Антропологтар мен спорттық медицина мамандары дене дамуы
дегенді «организмнің физикалық күш қорын анықтайтын, оның морфофункциональдық
қасиеттерінің кешені» деп түсінеді. Бұл анықтауда дене дамуы организмнің әрекеттік
қабілетінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Балаларда дене дамуы деген кең түсінік
болып келеді. Ең алғашқы болып морфофункциялық қасиеттер кешенінің баланың
биологиялық даму жасына қатынасып қамтиды. Бұндай жағдайда дене дамуын бағалау
даму метрологиясы, жастық атропология мен антропометрияның синонимы (баламасы)
болып қалады.
Екіншіден «дене дамуы» ұғымы бір мезгілдегі дамуды сипаттамайды, құбылыстың
әр мезгілдегі өзгерістерін анықтайды. Бұндай көзқараспен қарағанда дене дамуы дегеніміз
бала организмінде өсу барысында анықталатын дене мөлшерінің, тұлғаның, сыртқы
пішінінің, бұлшық ет күштерінің және әрекеттік қабылетінің өзгеруі.
Балалар дене дамуын бағалау әдістері төмендегідей: дене мөлшерлерін және
салмағын өлшеу (антропометрия немесе педометрия), тұлғасымен сыртқы пішінін қарап,
белгілерін суреттеу (соматоскопия), арнайы құрал-сайман динамометрмен жүргізілетін,
динамометрия, стептест немесе велоэргометрия көмегімен физикалық әрекеттік қабілетін
тексеру. Кейде бұл кешенге кейбір физиометриялық әрекеттік қабылетін тексеру кіреді.
Даму жылдамдығының өзгерістері біркелкі болмайды. Туғаннан 2–3 апта кейін, 11–
12 жастан соң (пубертатты даму қарқыны) байқалатын қарқынды даму жатады. Кейбір
балаларда 5–8 жаста «жарты ұзындық секіріс» байқалады. Жасқа байланысты
біркелкіліксізбен қатар жеке тканьдар мен мүшелердің өсу сипатының өзіндік қарқыны
туралыда айтуға болады. Көптеген тканьдармен мүшелердің өсуінің қарқындық сипаты
жоғарыда айтылған жастық өзгерістерге жақын немесе қанқаның дамуымен синхронды
болып келеді. Дегенмен, миға, бас сүйегіне, лимфоидты тканьдар мен репродуктивті
жүйелерге (ішкі және сыртқы жыныс мүшелері) тән өте ерекше сипаттар бар екені
байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет