д)
Сондықтан, тығыз мүшелерде
пайда болатын дыбыс биік болады. Құрамында ауа көп
мүшелер перкуссиялық төмен (жуан) дыбыс береді.
Перкуссия ережелері мен әдістері.
Бөлме іші тыныш және жылы болуы керек.
Перкуссия кезінде аурудың дене бұлшық еттері босаңсыған қалыпты болуы қажет.
Дәріғердің қалпы өзіне ыңғайлы жағдайда болуы керек. Перкуссия кезінде дәрігер
аурудың алдыңғы жағында оң қолын ала тұрады, ал арт жағында оның сол жағын ала
тұрады. Ересек балаларда өкпенің алдынғы беті – шалқасынан жатқанда, ал артқы беті –
отырғанда тексеріледі. Баланың иығы және жауырындары бір деңгейде болуы керек.
Жасау әдісіне қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді
(58, 59
суреттер).
Тікелей перкуссияда перкуссиялық қағу аурудың денесіне тікелей тиеді.
Тікелей перкуссияның бір түрі Образцов перкуссиясы – перкуссия жасайтын мүшені сұқ
саусақ ортаңғы саусақтың үстінен сырғанап
түсіп барып, шертіп ұрады
(58 а сурет).
Бұл
тәсіл негізінен сәбилерде, жаңа туылған нәрестелерде қолданылады. Екінші бір түрі – оң
қолдың ортаңғы саусағын саусақ аралық буындарда доға тәріздес бүгіп қабырғаны қағу
(59 а, б суреттер).
Тікелей перкуссияның тағы бір түрі Ауэнбруггер ұсынған перкуссия әдісі, бір-
бірімен біріктіріліп жартылай иілген төрт саусақпен қағу.
Тікелей перкуссия перкуссиялық дыбысты бағалаумен қатар, тексеріліп отырған
мүшенің физикалық қасиеттерінде сезіп білуге мүмкіндік береді. Қазіргі мезгілде тікелей
перкуссия сәбилерде, жаңа туылған нәрестелерде қолданылады
(59-в сурет).
Жанама перкуссияда мүшені қағу плессиметр (тұғырық) арқылы жүргізіледі
(58 б
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: