Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
Кренингаланының ені плессиметр саусақты трапеция тәрізді бұлшық еттің
жоғарғы жиегінің ортасына орналастырып, кезек-кезек иыққа, мойынға қарай жылжытып
перкуссиялау арқылы анықталады. Табылған нүктелер аралығы Кренинг аймағының ені
ретінде анықталады. Қалыпты жағдайда ол ен 4—6 см алқапты қамтып жатады.
АУСКУЛЬТАЦИЯ. Баланы жатқызып, отырғызып,
тұрғызып қойып тыңдауға болады. Тыңдау үшін жәй
немесе биоурикулярлы фонендоскоп пайдаланылады
немесе тікелей құлақпен тыңдауға болады. Кішкене
балалар мазасыз болатындықтан, оларды қатты
стетоскоппен тыңдау қиын, кей-кезде мүлдем тыңдауға
мүмкіндік болмайды. Сондықтан, оларды тыңдау үшін
жұмсақ стетоскоп пайдаланған дұрыс
(62 сурет). Баланың
жылағаны, айқайлағаны аускультация жасауға кедергі
болмайды. Керісінше, баланың тыныш кезіндегісімен
салыстырғанда, тынысы тереңдеп, сырыл, шулар жеңіл
естілетін болады. Алдымен негізгі тыныс шумен, содан
кейін қосымша шулардың түрін анықтау керек. Сонымен
қатар, өкпенің симметриялы нүктелерін тыңдап, тыныс
шуларының естілу қабілетін салыстырады
(63 сурет). Жаңа туылған сәбидің және 3–6 айға дейінгі балалардың тынысы әлсіздеу естіледі.
Содан кейін 5–7 жасқа дейін пуэрильді тыныс, яғни күшейген везикулярлы тыныс
тыңдалады: тыныс алудың екі сатысында да (дем шығару және ішке тарту) тыныс шуы
әдеттегіден дауысты және ұзағырақ естіледі
(64 сурет).
Пуэрильді дыбыстың пайда болуы тыныс мүшелерінің құрылысының
ерекшеліктеріне байланысты:
1. Интерстициальды тіннің көп, созылғыш (эластикалық) тіннің нашар дамуы, өкпенің
ауаға толу қабілетін азайтып, көмейлік тыныстың көбірек араласуына жағдай
жасалады.
2. Кеуде қуысының мөлшері кішкене болғандықтан, дауыс саңылауынан тыңдайтын
жердің аралығының қысқалығы да көмейлік тыныстың пайда болуына әсерін тигізеді.
1. Бронхтың саңылауының тарлығы.
2.
Кеуде қуысының қабырғасының резистенттілігінін жоғарлығы және жұқалығы, оның
дірілін арттыра түседі.
61 сурет. Экссудативті плевритте перкуссиялық дыбыстың өзгеруі: 1.
Эллис-Дамуазо-Соколов сызығы; 2.
Гарлянд үшбұрышы; 3
. Грокко-Раухфус үшбұрышы