Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет177/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

а) б)
58 сурет.
Кеуде қуысы
перкуссиялау әдістері.
а)
 Сырғанап түскен
саусақпен перкуссиялау.
57 сурет. 
Кеуде қуысының
симметриялық аймақтарында
дауыс дірілін анықтау
(а, б, в, г, д)
199


б, в)
 Жанама перкуссия
в)
59 сурет.
Кішкене сәбилердің кеуде қуысын 

тікелей перкуссиялау тәсілдері:
а)
Жаңа туылған баланы екінші кісінің
көмегімен перкуссиялау;
б)
Отырғызып перкуссиялау;
в)
Жаңа туылған баланы бір қолмен
ұстап, екінші қолмен перкуссиялау.
Бұл әдіспен перкуссиялық күшті дыбыс алуға болады. Бұл әдістердің ішіндегі көп
тарағаны саусаққа саусақпен перкуссиялау тәсілі. Перкуссия жасағанда плессиметр саусақ
қабырға аралықтың ұзын бойына тығыз орналасады.
Сол қолдың басқа саусақтары плессиметрге, аурудың денесіне тиіп тұрмауы керек.
Плессиметр саусақтың ортаңғы немесе шеткі фалангасына 2–3 рет тұрақты күшпен,
ырғакпен перпендикулярлы түрде ұру керек. Перкуссия жасағанда оң қолдың білегі
қозғалмауы керек. Қимыл негізінен қол басы буынында, аздап саусақ буындарында
болады. Соққы қысқа, біркелкі, мүмкіндігінше жәй болуы керек. Себебі, баланың кеуде
қуысының кішкентай болуына байланысты, тықылдатқандағы қозғалыс басқа бөлімдерге
тез тарайды да, қатты соққанда белгілі бір жерден тұйық дыбыс өкпеге жақын орналасқан
басқа көрші мүшелердің анық дыбысымен басылып, естілмей қалуы мүмкін.
Қойылған мақсатқа байланысты перкуссия топографиялық немесе салыстырылмалық
(сапалық) перкуссия болып екіге бөлінеді.
Топографиялық перкуссияның мақсаты негізінен мүшенің шегін, мөлшерін анықтау
болып келеді.
Салыстырмалы перкуссия мүшелердегі (өкпедегі) патологиялық өзгерістерді
анықтауға бағышталған.
Бұл әдіс өкпенің әртүрлі бөліктеріндегі перкуссиялық дыбыстың сапасының өзгеруін
анықтау үшін қолданылады. Сондықтан, салыстырмалы перкуссия жасаған жерде оң және
сол жақта симметриялығы қатал сақталуы, перкуссиялық соққының күші бірдей болуы
керек 
(60 сурет).
Н. Ф. Филатов 1–2 жастағы баланың арқасын перкуссиялағанда, баланы стол
үстіндегі көпшікке отырғызуды ұсынды. Шынтағын тіке бүгіп, білегін ішіне, көлденеңінен
бірінің үстіне бірін, қояды. Оң жағында тұрған анасы немесе медбике оң қолымен ұстап
тұрады. Ал, сол қолын баланың желкесіне қойып, басы артқа шалқайып кетпес үшін ұстап
тұрады. Алдыңғы жағын шалқасынан жатқызып тексереді.
200


Симметриялы емес учаскені тықылдатқанда есте ұстайтын нәрсе: бала жылап, қатты
дыбыс шығарып айқайлағанда, дауыс өзгеруі мүмкін. Сондықтан, жаңылыспас үшін,
перкуссияны салыстырмалы перкуссиядан бастаған жөн. Ол дауыстың өзгеруін неғұрлым
дәл анықтайды.
Экссудативті плевритте, егер сұйық барлық плевра кеңістігін толтырып тұрмаса,
Эллис-Дамуазо-Соколов сызығын анықтауға болады 
(61-1 сурет), 
жоғары шекарасы артқы
қолтық сызығының бойында болып, одан ішке қарап төмен түседі. Сызық сұйықтық
максимальды деңгейіне сәйкес келеді, және өкпе түбіріне қарай, сұйыққа жақын ьғысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет