Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет184/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жоғарғы тыныс 
жолдары арқылы ауаның жүруінің қиындауынан туатын тыныстың
бұзылуы жоғарғы тыныс жолдарының стенозы (таралуы) деп аталады. Көбіне көмей
тарылуы немесе круп жиі кездеседі. Жалған және шын круп болып екіге бөлінеді.
205


Белгілері негізінен кеңірдек, көмей, бронхтардың қаншалықты қабынғанын, тыныс
жеткіліксіздігінің дәрежелерін көрсетеді.
Оттегі жетіспеушілігіне байланысты көмей стеноз дәрежесі мен ұзақтығы келесідей
болып бөлінеді. І дәрежелі – компенсацияланған; ІІ – субкомпенсацияланған; ІІІ –
декомпенсацияланған немесе предасфиксия және ІV – асфиксия.
I дәрежесі – дауыс қырылдап естіледі, жөтел қатқыл үрмелі, мұрын-ауыз үшбұрышы
аздап көгерген. Қобалжыған кезде, жылағанда, қозғалғанда инспираторлы ентігу пайда
болады. Тыныштық кезінде бала ентікпейді. 
II
дәрежесі – бала мазасыз, жиі қатқыл үрлеп жөтеледі, үнемі ентігіп отырады және
тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, қатты терлейді, дауысы қырылдап
естіледі. Жөтел кезінде мұрын-ауыз үшбұрышы қатты көгереді де, жөтеліп болған соң
кетпей қалып қояды. 
ІІІ дәрежесі – ауру қатты мазасызданады, өте жиі жөтеледі, ерні мен қолдары
(тырнақтары) көгереді. Басын кейін қарай шалқайтады. Құрсақ үсті бұрышы, төс ойығы,
қабырға аралықтары ішіне қарай тартылып, инспираторлы қатты шулы ентігу пайда
болады. Тамыр соғысы жиілеп, салқын тер құйып кетеді.
IV- дәрежесі. – науқас әлі кетіп құлайды, басын шалқайтып, аузын ашып, ауа
жұтқысы келіп жанталасады. Кеуде қуысының қосымша еттері тартылады.
Күрт көгереді. Дене құрысуы пайда болуы мүмкін. Тамыр соғысы әлсіз, ырғақсыз,
жүрек соғуы әлсізденіп, тыныс тоқтайды, аздан соң тоқтап бірнеше ретсіз жиырылудан
кейін бір жола тоқтап қалады. Шын круп көмей дифтериясында, жалған круп қызылшада,
вирусты инфекцияда кездеседі.
1.5.5. ЖҮРЕК – ТАМЫР ЖҮЙЕСІ
Нәресте дүниеге келген соң плацентарлық қан айналымы тоқтап, өкпе арқылы дем
алу басталғанда, қан айналу процессі де өзгереді. Ең бірінші алған дем қанның қысымын
(РО
2
) көтеріп, өкпе тамырларын жазады. Өкпенің жазылуы өкпе капиллярларының (ішкі
даму кезінде спираль түрінде бұратылған) жазылумен қатар жүреді. Қан өкпе
тамырларынан сол жүрекшеге қарай ұмтылады 
(65 сурет).
Сол жүрекшедегі қысымның көтерілуі сопақша тесіктің, туылғаннан соң, бірер
сағатта функциялық жабылуына әкеліп соғады. Толығымен бітелуі (облитерациялануы) 5-
6 күннен 3-4 айлығына дейін жүреді. 
Фетальды коммуникацияның жабылу мерзімдері жөніндегі мәселе толық
шешілмеген. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша веналық өзек туған соң алғашқы5
минутта жабылып, 8-ші аптада толығымен бітеледі. Артериялық өзек айы-күні жетіліп
туылған балаларда туғаннан кейін 24-28 сағатқа дейін істеп тұрады. Оның айғағы
неонатальдык циркуляцияның болуы. Бірінші алған демнен кейінгі оттегінің парциальдық
қысымының көбеюі артерия
өзегінің
қабырғасындағы ет талшықтарының жиырылуына
әкеліп соқтырады. Бірақ, канал қабырғасына өттегі
тікелей әсер етпейді, простогландин метаболизмі,
яғни, оның синтезін жою арқылы әсер етеді.
Өмірінің алғашқы сағаттарында, кіші қан
шеңберінде қарсы күш басым болып тұрғанда (өкпе
артериясынан аортаға қарай) қанның солға қарай
өтуі сақталады.
Туғаннан кейін 1-3 сағаттан соң өкпе
тамырларындағы қарсы күш азайған кезде қанның
солдан оңға қарай айдалуы байқалады. Кіші қан
шеңберінің құрылуы (реттелуі) 4 сағаттан бірнеше
күнге дейін созылады.
206


Айы-күні жетіліп туған балалардың артериялық өзегінің бітелуі 2-3 айлығында (20-
30%), ал толық бітелуі (90%) балаларда – 1 жасқа дейін созылады.
Осылайша алғашқы функциялық (қызметтік) қан айналымының қайта құрылуы,
өмірінің 1-ші тәулігінде басталып, 7-10 күндігінде аяқталады.
Балаларда жүрек салмағының өсуі біркелкі болмайды. Дене салмағының өсуімен
қатар жүреді. 3 жасқа дейін жүректің салмағының өсуі тез жүреді де, 3 жаста – салмағы 8
есе көбейіп, 6 жасқа толғанда – 11 есе көбейеді. Одан кейін өсуі баяулайды
.
Нәрестенің
миокарды гистологиялық жағынан қарағанда өте жұқа, бір-бірінен нашар бөлініп тұратын
ет талшықтарынан құралады. Ұзынша және көлденең жолақтары өте нашар білінеді.
Ядролары көп, бірақ майда жетілмеген. Аралық тін нашар дамыған. Баланың алғашқы 2
жасында ет талшықтарының қалыңдығы жуандап, ет клеткаларының ядросының саны
азайып, көлемі біршама ұлғаяды.
3-7 жаста жүректің салмағы баяу өсіп, ет талшықтары дәнекер және эластикалық
(серпінгіш) тіндерге қанығып, қалыңдығы ұлғая түседі. 10 жастан асқасын дәнекер және
эластикалық тіндер саны көбейіп, май пайда бола бастайды. Жүрек сабағының (ствол)
калибрі балалық шақ кезеңінде өзгермейді, салыстырып қарағанда, баланың жүрегінің
алғашқы 1-ші жылындағы көлемі үлкен болады. 
Өкпе артериясының бас сабағы дүниеге келер кезінде салыстырмалы түрде қысқа
және 2 бірдей сабаққа бөлінеді де, балалардың тамыр аралық қысымының төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Туған соң өкпе артериясының саңалуы кеңімейді, ал сабақтарының
диаметрі өсіп, 5-6 айдан кейін тамыр аралық қысымының толқуы жойылады. Осыған
байланысты оң және сол бөлігінің салмағынан қарым-қатынасы 1 жасқа келгенде 1:2,5, ал
жас өспірім шақта 1:3,5 болып келеді.
Жүректің оң және сол қарыншаларының салмағының өсуімен қатар, оның жүрек
етінің қалыңдығының да, қарым-қатынасы өзгереді. Ұрықтың дамуының 7-ші айлығында
1:1, жаңа туған балаларда 1:1,4 айлығында 1:2,5 жаста 1:2,6 болып келеді. 
Жаңа туған балада жүрек шар тәріздес домалақтау болады. Жаңа туған және емшек
жасындағы балаларда жүрек жоғары және көлденен жатады. Жүректің көлденең
жағдайдан қисық жағдайға көшуі баланың бір жасынан басталып, 2-3 жастан кейін жүрек
қисық күйге көшеді.
Өкпе артериясының қабырғасы эластикалық талшықтар қанқасынан және жұмсақ ет
элементтерінен тұрады. Гипоксия және ацидоз болған жағдайда артерияның қуысы
тарылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет