66 сурет.
Жаңа туылған баланың
қан айналымы
(схема):
1
–
бауырдың дөңгелек жалғамасы;
2
– қақпа
венасы;
3
– веналық (аранциев) жалғамасы;
4
– төменгі қуыс вена;
5
– бауыр венасы;
6
– оң жүрекше;
7
– сол жүрекше;
8
– өкпе тамырлары;
9
– аорта;
10
– өкпе артериясы;
11
– үлкен артериялық жалғама;
12
- окпе (Ligатепtит аrtеrіоzит тigпит);
13
– төмендеуші аорта;
14
– қапталдық қуық-кіндік жалғамасы
(Ligапіепtит vesісо-итbіlісаlis lаtеrаlіs).
Баланың өмірінің алғашқы апталарында және 1 айлығында өкпе тамырларының ет
кабаты нашар жетілген. Жүректің өсуіне байланысты магистральды тамырларының көлемі
де ұлғаяды, бірақ өсу жылдамдығы жәй болады. Егер жүректің көлемі 15 жасқа келгенде 7
есе ұлғаятын болса, аортаның көлемі тек қана 3 есе ұлғаяды. Жыл өткен сайын өкпе
артериясы мен аорта қуысы тесігінің көлемінің айырмашылығы азаяды.
Нәресте дүниеге келер кезінде өкпе артериясы мен аорта қуысының көлемінің
қатынасы 20-25% артады, 10-12 жаста теңеледі.
Ал, ересек адамдарда аорта қуысының көлемі өкпе артериясының көлемінен басым
болады. Жаңа туған нәрестенің қан тамырлары ет және серпілгіш талшыктары жетілмеген,
жұқа қабырғалы болады. Артерия қуысы салыстырмалы түрде кең болады. Артерия мен
вена қуысының көлемінің салыстырмалы қатынасы 1:1. Вена артериядан тез өсетін
болғандықтан, 16 жасқа таман оның қуысы артерия қуысынан 2 есе кең болады.
Достарыңызбен бөлісу: