Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


+ 2п диастолалық 75+ п Төменгі шектік көрсеткіш систолалық 75+ 2п диастолалық 45+ п п



Pdf көрінісі
бет187/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

 
105+ 2п
диастолалық 75+ п
Төменгі шектік көрсеткіш систолалық 75+ 2п
диастолалық 45+ п
п
 
— баланың жылмен есептелген жасы.
Веналық қысым
– веналық тамырлардағы қанның көрсететін қысым күші, оның
мөлшері – веналық тонусына, венадағы қанның мөлшеріне және оң қарыншаның
жиырылу қабілетіне байланысты.
Сол қарыншаның 1 минут ішінде айдайтын қанның мөлшері –
минуттық қан
мөлшері 
немесе 
жүректің минуттық мөлшері 
деп аталады. Жүректің минуттық мөлшері
қан айналымындағы қанның мөлшеріне, оның ағу жылдамдығына, жүрек жиырылуының
күші мен жиілігіне байланысты.
Қанның соғу мөлшері (систола көлемі)
жүректің әр жиырылғанда айдайтын
қанының мөлшері. Қанның соғу мөлшері 1 жаста – 4 есе, 7 жаста – 10 есе, 15 жаста – 24
есе көбейеді. Жүрек жиырылу санынын, сиреуіне байланысты 1 минуттағы қанның
мөлшерінің өсу жалдамдығы аздау болып келеді. Оның ішінде, әсіресе ер балада, дамудың
үдеу сатысы – 4 және 11 жаста, қыз балада – 5 және 14 жаста болады. 5 жастан 8 жасқа
дейінгі аралықта көлемі мөлшерінің өзгеруі болмайды.
Қан ағысының жылдамдығы 
деп қанның бір белгілі түйіршектерінің жүрек-тамыр
жүйесінің белгілі бір бөлігінен өтуіне қажет уақытты айтамыз.
Артерия қаны өттегімен толық қанықпаған, яғни қанның толық
оттегілік
сиымдылығы 
қолданылмайды. Бұл құбылыс 
физиологиялық гипоксемия 
деп аталады.
Физиологиялық гипоксемияның негізгі себептері – өкпенің ауамен біркелкі қамтамасыз
етілмеуі және өкпедегі артерия веналық ұштастардың болуы. 
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Жүрек-тамыр жүйесі зақымдалған балаларды тексергенде науқастың, ата-анасының
жасын, денсаулығын, тұратын мекенін анықтау керек.
Ерте жастағы балаларда туа біткен, ал ересек балаларда ревматикалық ақаулар жиі
кездеседі.
Ерте жастағы ауру балаларды дербес тексеру жүргізгенде, анасынан сұрастыру
жүйелі ретпен өткізіледі. Анасынан сұрастырғанда, жүктілік кезеңнің өтуіне ерекше назар
аудару керек (бірінші триместрдегі ауруына). Жүктіліктің бірінші айларында анасы
қызамықпен ауырса, баласында туа бітетін ақау байқалуы мүмкін. Басқа вирусты аурулар
туа болатын кардиттердің себебі болуы мүмкін. Кейде анасы босану қалыпты түрде өтті
209


дейді. Дегенмен, сұрастырғанда босану немесе жылдам, сусыз кезеңінің ұзақ болғаны
немесе босанудың басқа ауытқулары белгілі болады. Соған байланысты анасына бірнеше
жорта сұрақтарды қою қажет.
Босану ауытқулары көбіне ми сауытының ішіндегі қысымын өзгертеді. Қысымның
өзгеруі әдетте түрлі вегетативтік өзгерістер пайда болуына байланысты жүрек-тамыр
жүйесін патологиялық өзгерістерге душар етеді: тамыр қысымының көтерілуі немесе
төмендеуі, пароксизмальды тахикардия және т.б.
Отбасы тарихын анықтағанда, туысқандардың кенеттен өлу жағдайларын, ата-
аналарының және отбасының басқа мүшелерінде байқалған анемиялық және\немесе
гипертониялық науқастарға назар салу қажет. Отбасында туа болған жүрек ақауларымен
немесе жүрек соғысының ырғақсыздығымен және т.б. ауытқулар байқалған балалар болды
ма? Соны анықтау керек.
Жүрек ауруларына шалдыққан балалардың ең ерекше шағымдары әлсіздік, денеге
күш түскенде, жүргенде, ойнағанда, баспалдақпен көтерілгенде және тағы басқа
жағдайларда тез зерігу немесе шаршау болып келеді.
Ересектерге қарағанда, балалардан ауруы жайлы сұрақ берудің маңызы аздау, себебі
балалар өздерінің тәнінің (қай жерінің) ауырғанын байқай бермейді, айыра алмайды. Олар
өздерінің жүрек-тамырларының жүрек соғуының дімкестенуіне көңіл бөле бермейді,
шағымданбайды. Сондықтан да, баланың жүрегінің ауруы жайлы мәліметті олардың ата-
аналарынан сұрап білуі керек. Мысалы: бала өз құрбыларымен ойнап жүргенде, сатыға
көтерілгенде қалып қоймай ма, тез шаршамай ма? Бір жерінің ісігі, көгеруі қашан пайда
болды? Жас сәбилер жылағанда, айқайлағанда, суға шомылдырғанда ауруы күшеймей ме?
Осының бәрін ата-анасынан ғана сұрап білуге болады. Ал, мектеп жасындағы ересек
балалар жүрек-тамыр аурулары мен ентігу, демігу, жүректің қатты соғуы, өкпесінің өшуі,
жалпы жүрек тұсы, қабырғаның астының ауруы немесе шаншуы, ісіктердің пайда болуы,
қан түкіруіне шағым жасай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет