Тамыр соғу саны мен тыныс санының қатынасы 2-1,5:1 болады. Артериялық қысымның
көтерілуіне және ацидозға (РН-7,3) бейімделеді. Өкпенің желденуі, тыныс шегі 50%-га
дейін төмендейді. Қанның өттегімен қанықтығы 70-90 мм. Оттегімен демалдырғанда,
науқастың жағдайы жақсарады.
3–дәрежесі. Тынысы 50% артық жиілейді, жер түсті көгеру пайда болады, жабысқақ
тер шығады. Тыныс алуы жиі және беткі болып келеді. Артериялық қысым төмендейді,
тыныс қоры 0-ге дейін азаяды. Тыныстың минуттық көлемі төмендейді, қанның өттегімен
қаныктығы 70% төмен (Р0
2
70 мм-ден томен), зат алмасулық ацидоз (РН-7,3 де төмен)
пайда болады, гиперкапния (РС0
2
-сынап бағасы бойынша 70-80 мм) болуы мүмкін.
Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) және өкпенің минуттық вентиляциясы 50% артық
төмендейді.
4–дәрежесі – гипоксемиялық кома. Науқас есінен айырылады. Ырғағы бұзылып,
тыныс тайызданады. Жалпы көгеру (акроцианоз) пайда болып, мойын веналары томпайып
шығады. Бұлшық еттің тонусы азаяды. Қанның оттегімен қанығуы 50% немесе оданда
төмен болады (РО
2
50 мм-ден төмен). РСО
2
100 мм-ден артық, РН 7,15 немесе оданда
төмен болады. Оттегімен демалдыру жағдайын жақсартпайды, тіптен нашарлатып жіберуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: