жүрек қарыншаларының арасындағы перде толық жабылмағанда, төстің жарма ойығында
күшейген пульсация кездеседі. Кеуде қуысының, ықыласпен қарағанда, қабырға
аралықтарында тамыр-лардың күшейген соғысын көруге болады (аорта коарктациясы).
Тамырдың нақты эпигаст-ральды соғысы төстің семсерлі өсіндісінен төмен анықталады,
тыныс алған кезде күшейе-ді.Тамырдың эпигастральды соғысы жүректің митральды
ақауларына, аорта қақпағының жарамсыздығында, үш-жармалы қақпақтың салыстырмалы
жарамсыздығында анықталады.
Терінің сыртынан қарағанда, жүректің оң бөліктеріне веналық қанның құйылуы
қиындауына байланысты (Фалло триадасы және тетрадасы, Эйзенменгер синдромы,
ылғалды перикардит) тері асты венасының суретінің ұлғайғанын байқауға болады.
Жүрек ұшының серпуін көз салып немесе бармақпен сәл басып, анықтауға болады.
Жүректің сүйірленген бөлігі, яғни қарыншасының сүйір тобы, жүрек ұшы жүрек
жиырылғанда (систола) көтеріліп, 3–4-ші қабырға тұсында соғылады да, сол қабырға
аралықтарын (бала жасына сәйкес) сәл көтереді. Жүрек ұшының серпуі көзге көріне ме,
көрінсе – қай қабырға аралығында, қай сызықшаның бойында анықталады, әлсіз бе,
нықты ма, дұрыс па, теріс пе? Қалыпты жағдайда да, кейбір сау балаларда қабырға
аралықтары тар немесе тер асты шел майының дамуы артық болғандықтан жүрек ұшының
серпуін әлсіз соғыс түрінде 4—5 қабырға аралығында орта бұғана сызықтың сыртқы
жағынан немесе соның тұсының көруге болады, алаңы 2 см
2
-ден аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: