Іш қуысындағы бос сұйықтықты анықтау флюктуация әдісімен жүргізіледі. Ол үшін
сол қолының алақанын іштің бүйір жағынан тығыздап қойып, екінші жағынан оң қолының
саусақтарымен қысқа жеңіл соққылар береді. Соққының әсерінен пайда болған сұйықтық
толқындары сол қолға тиіп, соққы түрінде қабылданады. Бұндай көрініс іштің
қабырғасының немесе ішек ішіндегі сұйықтықтың қозғалуына байланысты болуы мүмкін.
Оны айыру үшін келесі бір адамның (көмекші адамның) қолын қырынан іштің ортасына
қойып, іштің қабырғасының тоқтатып, сұйықтықтың толқынының ғана өтуіне мүмкіндік
жасайды.
Гепатит, цирроз, бауыр эхинококкі, амилоидоз, гепатоз және жүректің оң жақ қарын-
шасының жарамсыздығы, басқа да көптеген балалардың арасында жиі кездесетін жұқпалы
аурулар бауырдың үлкеюіне себеп болады. Бауырдың жедел дистрофиясында, вирусты
гепатитте бауыр кішірейіп кетеді. Циррозда бауыр шеті тығыз, үсті бұдыр болады.
Лейкозда, лимфогранулематозда, ауытқулы фиброхолангиокистозда бауыр тығыз болады.
Жүрек жарамсыздығында, гепатитте, холангитте, холесцистохолангитте бауырдың үсті
тегіс, консистенциясы жұмсақ, шеткі дөңгеленіп келеді де, пальпациялағанда қатты
ауырады.
Сарғаю
– тері мен кілегей қабықтарының түсінің сарғаюы.
Сарғаюдың 3 түрі болады: паренхиматоздық, механикалық, гемолитикалық.
Паренхиматоздық сарғаю.
Бауыр клеткалары зақымдалғанда, яғни вирусты
токсикалық гепатит, бауыр циррозы, сепсис ауруларында пайда болады. Баланың терісі,
кілегей қабықтары сарғайып, лимон тәрізді немесе қызғылт түсті болады. Нәжісі ағарып,
зәрі қара-қоңыр түстенеді. Паренхиматозды сарғаюда, қанда байланыспаған билирубиннің
есебінен, жалпы билирубин көбейеді. Зәрдегі уробилиннің мөлшері көбейіп, нәжістегі
стеркобилин азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: