Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет253/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) 
овуляцияны реттейді. Аналық бездегі сары дененің пайда
болуына жағдай жасап, Лейдичтің интерстициальды клеткаларын күшейтеді және эндро-
гендердің бөлінуі мен шәуһет көпіршіктерінің жетілуі, қуық түбі безінің өсуіне ықпал
етеді.
Пролактин немесе лютеотропты гормон (ЛТГ)
сары дененің қызметін күшейтіп,
лактацияға әсерін тигізеді. Пролактин сүт безіне, яғни сүттің пайда болуына әсер етіп,
сүттегі белоктың жинақталуын күшейтеді. Әйел босанғаннан кейін, 2 сағаттан соң
қандағы пролактиннің мөлшері артады.
Пролактиннің бөлінуі гипоталаумус арқылы реттеледі. Онда пролактин
ингибирлейтін фактор пайда болады (ПИФ), пролактин стимулдеуші фактор болып ТТГ-
ның релизинг-гормоны есептелінеді. Пролактиннің бөлінуіне, сондай-ақ, жыныс
гормондары да ықпал жасайды.
Липотропиндер. 
Гипофиздің орта бөлігінің аденогипофиздегі гормондарының пайда
болу құбылыстары үшін маңызы зор. Ол меланоцитстимулдеуші (МСГ), яғни, пигменттің
жиналуын реттеуші, гормонды бөліп шығарады. А. А. Вайткевичтің (1962) деректері
бойынша, гипофиздің ортаңғы бөлігі АКТГ-ның пайда болуына да қатысады екен. Тіпте
МСГ, АКТГ-ның бір бөлшегі деген де болжам бар және МСГ гипоталамустағы ядролар
арқылы бөлінеді екен. Сөйтіп, гипоталамус гипофизінің артқы бөлігімен бірігіп
функциялық бір тұтас құрылым болып есептелінеді. Бұл бөлікте гипоталамустан
гормондар бөлініп шығады да, қанға түседі.
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондарына вазопрессин және окситоцин жатады.
Сонымен қатар, гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының бөлінуіне ықпал
етуші ерекше факторлар (заттар) бөлінеді.
Вазопрессиннің айтарлықтай антидиуретикалық қасиеті болады, ол бүйрек
шумақтарының жұмысына әсер етеді. Артериялар мен ішектің тегіс еттерінің жұмысын
жақсартып, гиалуронидазаның белсенділігін арттырады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын жақсартып, лактацияға жақсы ықпал етеді.
Гипофиздің функциялық жағдайын білу үшін клиникалық деректерден басқа әртүрлі
лабораториялық көрсеткіштер пайдаланылады. Бұған баланың қанындағы гормондардың
деңгейін радиоиммунологиялық әдістермен тексеру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет