Олар іштің алдыңғы бетіне жоғарғы және төменгі нүктелер ретінде проекцияланады
(90 сурет).
Баланы тікесінен тұрғызып, денесін сәл ілгері еңкейтіп, сол қолмен жоғарыдай беліне
қойып, оң қолмен бүйректі пальпациялауға болады. Бұл әдіс, әсіресе, кезбе бүйректерді
анықтау үшін маңызды болып келеді.
Ішті перкуссиялау.
Ішті баланы тұрғызып немесе шалқасынан жатқан күйде
перкуссиялауға болады, перкуссия арқылы іш қуысындағы ісікті анықтайды. Перкуссияны
кіндіктен бүйірлеріне қарай жүргізеді. Егер іш қуысында ісік болса, перкуссия дыбысы
тұйықталып қалады. Егер бала түргеліп тұрса, перкуссияны кіндіктен қасаға қарай
жүргізеді. Бүйрек түбіндегі өзгерісті білу үшін Пастернацкий белгісі қолданылады: белге
бір қолдың алақанын жайып қояды, ал екінші алақанның қырымен немесе жұдырықпен
ұрғылайды
(91 сурет).
Жоғарғы несепағарлық нүкте кіндіктен жүргізілген сызықтың іштің тіке бұлшық
етінің сыртқы қырымен қиылысқан жерінде орналасады. Төменгі несепағарлык нүкте
биспинальдық сызықтың іштің тіке бұлшық етінің сыртқы қырымен қиылысқан жерінде
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: