дененің зақымдануы, тамақтану тәртібінің өзгеруі, пубертатты кезеңінің басталуы,
тұрақты тұрған жерін өзгертуі т. б. есептелінеді. Жүктілік кезінде әйелдің түсік тастауы
үшін дәрі-дәрмектер қолданған, қолданбағанын анықтау керек. Әйелдің қалай босанғаны,
босанғаннан кейінгі кезеңдердің қалай өткендігі (асқынуы), нәрестенің қандай салмақпен
және дене ұзындығымен туылғандығы, 1 жасқа дейінгі қалай тамақтанғандығы, баланың
бойымен дене салмағының қаншалықты өсіп отырғандығы, қосымша және үстеме
тамақтар қай уақыттан бастап берілгені, тістерінің шыққан мезгілдері және статикалық
функцияларының дамуы жөнінде мәліметтер жинастыру қажет.
Объективті тексеру барысында дененің салмағы мен ұзындығын, бастың аумағын
және пішінін, денесінің пропорциясын, бет әлпетін анықтайды. Терінің жағдайына, яғни
оның құрғақтығына немесе шамадан тыс ылғалдығына, пигменттшуіне, керілу
жолақтарына, әртүрлі іріңді жараларға, безеуге, шаштың сипаттамаларына, оның қай
кезден бастап пайда бола бастағандығына назар аудару керек.
Тері асты шел майын қарағанда, майдың денеге біркелкі жайылуына көңіл бөлінеді.
Себебі, көптеген эндокринді аурулар, семірумен қатар, жүдеуі мүмкін. Шел майының
неғұрлым көп жинақталған жеріне, яғни бетке, денеге немесе аяққа көңіл бөлу керек.
Жүрек-тамыр жүйесін тексергенде, төменгі және жоғарғы қан қысымына аса көңіл бөлу
керек. Лимфатикалық жүйені мұқият тексеріп, тыныс мүшелеріне, жүйке жүйесіне, ас
қорыту жүйесіне, оның ішінде, әсіресе, бауырға назар аудару қажет.
Жыныс мүшелерін тексергенде, ер балалардың аталық ұрық бездеріне (аумағын,
тығыздығын, ұмада екі бездің де бар-жоғын анықтау), ұманың пигментін, жыныс мүшесін
(көлемін, жасына сәйкестігін), сүт безін (гинекомастия), екінші шаштануын және
дауыстың өзгеру мерзімін анықтау қажет. Қыз балалардың сүт безін, клиторын (үлкеюін),
үлкен және кіші жыныс «еріндерін» тексеріп, екінші шаштануын, етеккірдің алғашқы
келген уақытын білу керек.
Кейбір аурулар гинекологтың (жатыр және аналық бездерін ректальды тексеру үшін),
урологтың қосымша қарауын қажет етеді. Рентген сәулесімен тексеруде өте маңызды
болып есептелінеді.
Дененің ұзындығы мен салмағын бағалау үшін перцинтильді графикті стандарттар
қолданылады.
Сүйектік жас білезік сүйектерінің рентгенограммасында 4 – 6 айдан асқан
балалардан бастап анықталады. Қыз балаларда бұл құбылыс тез, әсіресе, жыныстық даму
кезеңінде, ер балаларға қарағанда, 2 есе шапшаң жүреді.
Сәбилердің 1-ші жылында (3 айлығынан бастап) білезік сүйектерінде
оs hатаtит,
саріtит
пайда болады, 3-жылы
os triguеtrum,
4-6 жылда
lипаtит,
5-7 жылы os
паvісиlаrе
және 10-13 жылы
os рisiforтe
пайда болады. 2 жаста кәрі жіліктің дистальды
эпифизындағы ядроны көруге болады, 3 жастағы балада, алақан сүйегі мен басындағы
және тоқпан жіліктің төмпешігіндегі ядроны, 5-8 жастағы балада кәрі жіліктің басындағы
және шынтақ сүйегінің төменгі шетіндегі ядроларды анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: