Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ГИПОФИЗ Гипофиздің 3 бөлігі болады:  1)



Pdf көрінісі
бет252/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ГИПОФИЗ
Гипофиздің 3 бөлігі болады: 
1)
Алдыңғы аденогипофиз; 
2)
Орталық (бездік) және 
3)
Артқы немесе нейрогипофиз. Гипофиздің көп бөлігін аденогипофиз алып жатады (75%),
ортаңғы бөлігі 1 - 2 %, артқы бөлігі 18-23 %-ке тең болады. 
Гипофизде әртүрлі троптық гормондар пайда болады, оның алдыңғы бөлігі
соматотропты, лютеиндейтін және лютеотропты гормондарды шығарады. Бұл гормондар
шеткі эндокрин бездерінің қызметін реттейді.
Соматотропты гормон (СТГ)
өсіруші гормон, ол белок, көмірсу, май алмасуға
ықпалын тигізіп отырады, организмде фосфор, натрий, калий, кальцийді ұстап, кетон
денелерін көбейтеді.
267


Тиреотропты гормон (ТТГ) 
қалқанша бездің белсенділігі мен организмнің мұқтаж-
дығын кері байланыс түрінде қамтамасыз етеді. Қалқанша бездің өсуі мен қызметін
реттеп, оның бөлу әрекетін, осы безде йодтың аккумуляциялануын және гормондардың
жинақталуы мен бөлінуін күшейтеді. Жаңа туған нәрестелерде өте көп болады. 
Адренокортикотропты гормон (АКТГ)
құрамында 39 аминқышқылдардың
қалдықтары бар полипептид. АКТГ бүйрек безі қабығының гормондарының секрециясына
(бөлінуіне) ықпал етеді. АКТГ алғаннан кейін, бүйрек безінің қабығының көлемі 4-күннің
ішінде 2 есе үлкейеді. АКТГ глюкокортикоидтардың, кортизолдың, кортикостеронның
жинақталуы мен бөлінуіне әсер етіп, реттеп отырады да, альдестеронның жинақталуына
қатыспайды. АКТГ гликонеогенезді күшейту арқылы көмірсу алмасуына ықпал етеді, ал
минералды алмасуға альдестеронды шығару (бөлу) арқылы қатысады. АКТГ жаңа туға
нәрестенің қанында 12-40 н/моль/л-ге тең болады да, кейін күрт азайып кетеді. Мектеп
жасындағы балаларда 6-12 н/моль-ге тең болады.
Фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ) 
– аналық бездегі фолликулалардың өсуіне,
онда экстрогендердің пайда болуына және спермогенезге ықпалын тигізеді. ФСГ-ның
бөлінуі жыныс пен жасқа байланысты. Ер балаларда төменгі кластан бастап жоғарғы
класс оқушыларына дейін 3 - 4-тен 11-13 МКЕД/мл-ге дейін, қыз балаларда 2 - 8-ден 3-25
МКЕД/мл-ге дейін көбейеді. Рилизинг факторына қарсы жауап түрінде гормонның бөлінуі
2 есе көбейеді және бұл жағдайда жасқа қарамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет