Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет263/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.6. БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Балалардың денсаулығын бағалау диспансеризациялау кезіндегі балалар мекемелері
мен емханалардағы балалар дәрігерлерінің алдын алу жұмыстарының негізгі бөлігі болып
табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты белгілі бір жас кезеңіндегі денсаулық жағдайын
терең тексеруден өткізу және гармониялық дамуы организмнің оптимальды функциялық
жағдайын және денсаулығының қалыптылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақыл-кеңес
беру. Сонымен қатар, бала организміндегі ауытқуларды неғұрлым ерте анықтап,
сауықтыру мен емдеу және созылмалы аурулардың алдын алу болып табылады.
Денсаулық жағдайын бағалаудың негізінде С. М. Громбах (1965-1981 жж.) ұсынған
денсаулықтың 6 шегі (критериялары) жатады. Олардың алғашқыларының бірі болып
онтогенездегі ауытқулар, яғни, биологиялық және генеологиялық шежіре, өмірінің
әлеуметтік жағдайы есептелінеді. Денсаулықты сипаттайтын шектер: баланың дене және
нерв-жүйке әрекеттерінің дамуы, резистенттілігі (беріктігі), мүшелер мен жүйелердің
қызметінің (функциясының) жағдайы, созылмалы аурулар мен туа болған мүкістіктердің
(аномалиялардың) болуы ия болмауы. Баланың денсаулығын бағалау үшін даму
тарихынан, перзентхадан шығару парағынан, ата-анасымен (немесе балалардың өзімен)
сухбаттасып, төмендегі ақпараттарды жинайды:
1
.
Биологиялық шежіре: 
А.

Перинатальды кезең: анасының экстрагенитальдық аурулары, қызметіндегі жағдай-


сыз әсерлер, ата-анасының жағымсыз әдеттері (ішімдік, нашақорлық және т.б.),
жедел аурулар, операциялар, жүктілік кезіндегі алынған жарақаттар, босанған кездегі
анасының жасы (18-ден жас немесе 30-дан үлкен), жүктіліктің I және II жартысының
токсикоздары, түсік тастау қаупі, қансырау, жүктілік кезінде қан қысымының
көтерілуі немесе төмендеуі.
Б. Интрантальды және ерте постнатальды кезеңде: тез, ұзақ, созылған босану, сусыз
кезеңнің ұзақ болуы, босану кезінде құрал-жабдықтар колдану, баланың жолдасы мен
кіндігінін ауытқулары, ұрықты кезеңнің мерзімінен ұзаққа созылуы, туылғандағы
дене салмағы: 2000 граммға дейін, 2000-2500 және 2501 - 4000 грамм аралығында,
4000 граммнан артық болуы, ұрықтың жетілу дәрежесі, ұрықтың немесе жаңа туған
нәрестенің ауыр, орташа, жеңіл гипоксиясы (тұншығуы), туылу кезіндегі
зақымдалулар, туа болған ақаулар, жаңа туылу кезеңіндегі аурулар, босанғаннан
кейінгі анасының аурулары (жедел инфекциялық - қабыну аурулар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет