болуға жақындағанда, кесілген картоп қосылады. Жұмсарғанша пісіреді. Содан кейін
ыссы күйінде сүзгіден өткізіп, сүт, тұз қосады. Барлық пюрені араластырып, отқа қойып,
қайнағанша қыздырып, сары май қосады.
Көкөніс пюресіне саумалдық, көк бұршақ, қызылша шырынын қосқан пайдалы.
Көкөніс суп-пюресі:
1 литр пюренің құрамы: 100 г – картоп, 100 г – капуста (түсті
немесе ақтүбірлі), 50 г – сәбіз, жұмыртқаның сарысы – 2 түйір, сүт – 200 мл, сары май – 15
г, тұз – 8 г, су – 600 мл
Дайындауы
:
Тазаланған көкөніс пен картопты азғана суда пісіреді, сүзгіден өткізіп,
қайнатпамен қайта қосып, ыссы сүтпен, тұзбен араластырады. Жетпейтін жері ыссы сумен
толықтырылып, қайтадан қайнағанша отқа қояды. Супты балаға берер алдында
жұмыртқаның сарысын маймен мұқият араластырып, супқа қосады.
1.9.6. ЖАСАНДЫ ЖӘНЕ АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
СҮТ ҚОСПАЛАРЫ
Қазіргі кезде сүт қоспаларын дайындаудың алдыңғы қатарлы технологиялары ойлап
табылған. Сиыр сүтінің белогі арнайы өңдеуден өткізіліп, қоспаларға, витаминдер,
минеральды тұздар (әсіресе құрамында темір бар дәрілер), қаныққан майлар және тағы
басқалар косылады. Ана сүтін толық ауыстыратын қоспалар болмағанымен, казіргі кезде
жасанды қоспалардың көптеген жеткіліксіз жерлерін жойып, жасанды тамақтандырудың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік туды.
Көбіне жасанды (95 % жағдайда) қоспалар дайындау үшін сиыр сүті қолданылады.
Жасанды қоспалар дайындау үшін қолданылатын сиыр сүтіне өзіндік талаптар қойылады:
сүтте май 35 г/л, қант 40-45 г/л, құрғақ қалдығы 85 г/л, қышқылдығы Тернер бойынша
20% аз болмауы керек. 1 мл сүтте бактериялардың жалпы саны 50000, ішек таяқшасының
титрі 1:10 артық болмауы керек. Патогенді және шірітетін микробтар сүтте болмауы керек.
Қазіргі кездегі жасанды тамақтандыру үшін қолданылатын қоспалар
Достарыңызбен бөлісу: