Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


қарақат, қара жидек және т.б.) дайындалған



Pdf көрінісі
бет300/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

қарақат, қара жидек және т.б.) дайындалған
кисель.
1 литр кисельдің құрамы: құрғақ жидектер – 100 г, су – 1,5 л, қант сиропы
(жидекке байланысты) – 100-150 мл, картоп ұны – 40 г.
Дайындауы:
 
Аралап, салқын суда тазалап, жуылған жидектер ыссы су құйып, 30
минуттай пісіріледі. Содан кейін сүзгі немесе дәкі арқылы сығып, сүзіледі. Қайнатпаның
бір стаканын картоп ұнын езу үшін алып қалады. Қалғанына қант сиропы қосылады да,
қайтадан қайнағанша қыздырады. Сосын оттан алып, стерильді шыныларға құйылып, беті
жабылады, этикеткасы жабыстырылады. Бөлме температурасында 1 тәулікке дейін
сақталады.
Жаңа алмадан
дайындаған кисель. 
1 л кисельдің құрамы, 1 л су, 500 г алма, 125 мл
қант сиропы, 40 г картоп ұны.
314


Дайындауы:
 
Тазалап, жуылған алма жұмсарғанша қайнатылады да сүзгіден
өткізіледі, қайнатпа мен қант сиропымен қосылады. Тиісті мөлшерде су қосылып,
қайтадан қайнағанша қыздырылады. Содан араластырып отырып, суда езілген картоп ұны
қосылады. Қайтадан қайнағанша қыздырылады. Сосын оттан алып ыдыстарға құйылып,
аузы жабылып, бөлме температурасында 1 тәулікке дейін сақталады.
Итмұрын дәндерінен дайындалған сусын.
1 литр сусынның құрамы: 50 г –
итмүрынның дәндері, 950 мл – су, 50 мл қант сиропы.
Дайындауы:
 
итмұрын дәндері салқын сумен жуылып, эмальданған ыдысқа салынып,
су құйылады. Содан 10 минуттай қақпағын жауып қойып қайнатады. Оттан алып, 3 сағат
бойына тұндырып қояды. Содан кейін тығыз стерильді дәкімен стерильді ыдысқа сүзеді.
Жаңа қайнатылған қант сиропын қосады. Сусынды мұқият араластырып аузын жауып,
этикеткасын жабыстырып, 2-10
о
жылылықта 1 тәулікке дейін сақтайды.
Жемістер мен көкөністерден шырындар мен
пюре дайындау.
Апельсин,
мандарин, лимон шырыны: апельсин, мандарин, лимонды тазалап жуыу, ыссы сумен
шаяды. Содан кейін ұсақтап кесіп, шырын сығатын құралдың көмегімен шырынын алады.
Егер ондай құрал жоқ болса, жемісті ұсақтап кесіп, дәндерін алып тастап, дәкіге орап,
қасықпен шырынын шыны ыдысқа жинайды. Дәміне сәйкес шырынға қант қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет