6.2.4. ИНТЕРСТИЦИАЛЬДЫ ПНЕВМОНИЯ
1946 жылы Р. Ленк жедел ағымды пневмониялар арасынан төмендегі рентгендік
сипатарымен ерекшелінетін пневмонияларды бөліп шығарды:
1. Өкпе суретінің өзгерісі кеңейген түбірден ұршық тәріздес тарайтын, тұрпайы немесе
нәзік жолақтардан тұрады. Бұлардың негізінде бронх-төңіректік инфильтрация және,
мүмкін, бронхтардың экссудатпен толуы жатады.
2. Пневмония бар өкпе суреті ұялары әртүрлі көлемді тор тәрізді болады. Осы екі түрлі
өзгерістердің үстіне кішілеу ателектаз ошақтары пайда болса, ұсақ дақтар көрінеді.
3. Жайылмалы керілген жіп тәріздес айқын көрінетін көлеңкелер бронхтар қысылуының
белгілерімен бейнеленеді (ателектаз бөліктері). Осы пневмонияларды ол
интерстициальдық
деп атады.
Шартты патогенді қарапайымдылар, Карина пневмоцистасы себеп болатын пневмо-
нияның бұл түрі, соңғы жылдары жиі кездесетін болып жүр. Ол жаңа туған сәбилерде,
қырқынан шықпаған (бірінші айдағы) балаларда көп кездеседі, ЖРА мен жиі ауырған,
алдында ауруханада емделген, қарқынды ем палаталарында және реанимация бөлімшеле-
рінде болған ересек балаларда да кездеседі. Интерстициалды пневмонияны себептері –
вирустар, пневмоцистер, патогенді саңырауқұлақтар, стрептококктар болып табылады.
Клиникасы бойынша екі түрге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: