Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет462/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Манифесті жедел түрі.
Аллергиялық диатез құбылысы бар ерте жастағы және
мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Ауру ауыр басталады: нейротоксикоз және тыныс
жетіспеушілік белгілері болады. Өте қатты ентігіп, тыныс алу жиілігі минутына 80-100-ге
дейін жетеді, мұрын-ерін үшбұрышының, тырнақтардың цианозы, мазаланған кезде
генерализацияланған цианоз, танаудың кернеулігі, қабырға аралықтардың тартылуы
байқалады, қалтырайды, ал, кейінірек жиі және қинайтын жөтел пайда болады. Өкпеде
бірең-сараң тұрақсыз жоғары ырғақты құрғақ сырыл, сирек жағдайда крепитация,
бактериальды инфекция қосылған кезде, ылғалды сырыл естіледі.
Перкуссияланғанда, шартылдақ (тимпаникалық) дыбыс анықталып, өкпенің төменгі
шеттерінің төмендегені, жүректің салыстырмалы тұйықтығын шекарасының тарылғаны,
өкпе түбірінің кеңейтіндігі байқалады.
Аз белгілі жеделдеу түрі.
Мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Жедел
респираторлы аурудан кейін болады әлсіздік, тез шаршау, тәбетінің төмендеуі,
субфебрильді дене қызуы, бас ауруы, солбырлық, жөтел болады.
Бұндай науқастарда физикальды мәліметтер өте аз болады: орташа токсикоз
белгілері, кішкене күш түскенде, ентігу, бірең-сараң құрғақ жөтел байқалады.
Рентгенологиялық көрінісі
. Кеңейген түбірден шашырап тұрған өкпе сүреті дөрекі,
торлы, кейіннен “мақта тәріздес өкпе” болып келеді.
Балаларға диагноз қойған кезде тыныс жетіспеушілігін (ТЖ) 4 дәрежеге бөледі:

ТЖ І дәрежесі
– тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатынаспайды, ентігу, тыныс
жиілігі 10-20% өседі. Тыныштық кезеңінде пульс жиілігінің дем алу санына қатынасы 3,5-
2,5:1. Цианоз болмайды немесе өз білінеді, мазаланған кезде күшейеді. Артериялық
қысым қалыпты жағдайда болады.

ТЖ ІІ дәрежесі
– тыныштық жағдайда ентігу байқалады: тыныс алу, жасына
байланысты көрсеткіштермен салыстырғанда, 50-60% жиіледі, тыныс алуға бұлшық еттер
қатысады, кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің ішіне қарай тартылғаны байқалады. Пульс
жиілігінің тыныс алу санына қатынасы 2:2,5 болып, тұрақты акроцианоз (ауыздың кілегей
қабатына, мұрын-ерін үшбұрыш аймағында, құлақ, саусақ ұштарында) байқалады, терінің
генерализацияланған бозаруы, тершеңдік, АҚ жоғары, енжарлық қозумен алмасады. 

ІІІ дәрежелі ТЖ
– өте айқын ентігумен сипатталады (дем алу саны жасқа
байланысты көрсеткіштерден 100-150% асады. Ол тыныс орталығының қызметін тежеп,
тыныс алудың Биот, Чейнс-Стокс, Куссмауль тыныстары сияқты патологиялық кезеңді
453


тыныс алулардың, брадипноэының, тыныс алу қимылдарының ырғақсыздығының,
қосымша бұлшық еттерінің белсенді қатысуының пайда болуына әсерін тигізеді. Пульс
жиілігінің тыныс алу санына қатынасы 2-1,5:1 болады. Пульс күрт жиілейді. АҚ –
төмендейді. Терінің жайылған көгеруі немесе жайылып бозарған және “мрамор” түстес
теріні акроцианозы байқалады, есі қарауытып, ұстамалы түрде шыдамсызданады. 

ІV дәрежелі ТЖ
– өте ауыр кезең және гипоксиялық кома белгілерімен
сипатталады. Тыныс алу ретсіз, ұстамалы түрде, кейде апноэ немесе күрт кезеңдік
белгілері пайда болып, алмасып тұрады. Пульс пен тыныс алу қатынасы 8-9:1. Жер түстес
тері жамылғысының генерализацияланған цианоз байқалады, кейде денеде, аяқ-қолда
көгерген дақтар білінеді. Кейбір аурулардың терісі өліктің боз тәрізді түстеніп, күрт
акроцианоз одан әрі құрысулар пайда болады.

Инфекциялық-токсикалық шок 
(ИТШ) – тіндік перфузияның жедел үдемелі кемуі,
осыда оттегімен қамтамасыз ету азайып, түрлі мүшелерде заттек алмасу бұзылуы. 
ИТШ микроциркуляторлық бұзылыстан басталады. Грам теріс бактериялардың эндо-
және экзотоксиндері көп мөлшерде ИЛ-1,6, ісік некрозы факторларын түзеп, қантамыр
эндотелийін зақымдайды, гликоизді белсендіреді, лактат-ацидоз дамиды. Токсикалық шок
эндотелийдің лейкоциттер мен тромбоциттердің адгезиялық рецепторларын белсендіреді,
бұған прокоагулянттар мен комплемент жүйесі де қосылады. Нейтофильдер мен тромбо-
циттердің белсенуі қан «ағымымдылығын» азайтады, жалпылама тамырішілік шашырап
ұюдың (ТІШҰ) пайда болуына ықпал етеді. Кейін қан айналысы орталықтандырылады
(гипердинамикалық қарсы реттеу), ол симпатикалық-адренальдық жүйе, қалқанша безі
және бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің белсенуі арқылы іске асады.
ИТШ-ты сатымен дамиды деп есептейді

І саты
– гипердинамикалық («жылы шок», «жылы гипотензия»): оттегі құрамының
артериялық-веналық айырмашылығы азаяды, аздап диастолалық қысым төмендеуі мен
пульстік қысымның жоғарлауы, тахикардия, метаболикалық лактат-ацидоз, ентгіу, жоғары
гипертермия, науқастың эмоциялық және қозғалыстық мазасыздануы (ауық-ауық
тежелуіде мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет