сұйықтық мөлшері 30-60мл/кг/тәуліктен аспайды, басқасын ішкізу керек. Коллоидтармен
глюкозаның қатыныасы 1:2, старттық ертінділер Реополиглюкин, Рефартан, 10, 20%
Альбумин (5-10 мл/кг) болады. Зәр жүргізу үшін салуретиктер (Лазикс) 1-3 мг/кг есебінен
қолданылады. Жеделдетілген диурез міндетті түрде сағат сайынғы зәр мөлшерін, несеп
қабына түтікше қойып, анықтауды талап етеді. Жеделдетілген диурез үш бағытта
(регидратация, нормагидратация, дегидратация) жүргізіледі.
Соңғы кезде көптеген қаламгерлер пневмонияда инфузиялық емді мүмкіндігінше
қолданбаған жөн екенін атап көрсетіп отыр.
Деструктивті пневмонияларда енжар (пассивті) иммунизация ретінде гипериммунды
антистафилококкты плазма, антистафилококкты гаммаглобулин қолданылады. Нативті
стафилококкты анатоксинмен активті иммунизация жүргізу тиімді болып есептеледі.
Физиоем.
Инфекциялық интоксикация, тыныс және жүрек жетіспеушіліктерінің
белгілері, гипертермия жойылғаннан кейін электрофизиоемді қосуға болады:
шағынтолқынды ем, индуктоем, УЖЖ. Біреуі қолданылған кейін мерзімінде келесімен
ауыстырып отыру керек: дәрілік электрофорез (никотин қышқылы, аскорбин қышқылы
күкірт қышқылды магний).
VII ТАРАУ
СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХ-ӨКПЕ АУРУЛАРЫ
7.1. СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ
Алғашқы созылмалы бронхит
(СБ) –
ересектерге тән, соларға ұқсас СБ балаларда
өте сирек кездеседі. Балаларға СБ жеке ауру ретінде тек созылмалы пневмония,
муковисцидоз, цилиарлы дискинезия және басқа аурулар жоқ екендігіне толық көз
жеткізгеннен кейін ғана, қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: