Паторецепторлы түрі. Бірінші ретте дамуы мүмкін, бірақ, көбіне атопиялық
даму (эволюциялық) вариантының түрі болып келеді. Анықтау белгілері әртүрлі антиген
емес тітіркендіргіштің (метео-факторлар, ингаляция арқылы әсер ететін заттар, денеге
салмақ түсу) әсерінен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жиі қолданылуға байланысты
бронх кеңейтетін адреномиметикалық қатардың ксантиндерге және басқа дәрілерге сезім-
талдығы пайда болады. Сауығу кезеңінде бронхиальдық обструкция гипервентиляциялық,
мөлшерлеп денеге салмақ түсіру, ацетилхолинмен және гистаминмен басқа бронх тарыл-
татын дәрілермен жүргізетін сынамалардың әсерінен пайда болады. Сауығу кезеңінде
бронходилататорлармен жүргізілген фармакологиялық сынамалармен бронхтардың
өзгерімпаздығы тән болып келеді.
Дисметаболикалық түрі. Сирек кездеседі, ал нәтижесінде шектен тыс «астмо-
генді» метаболиттер пайда болатын, зат алмасудың туа біткен алғашқы бұзылыстармен
байланысты. Мысалы: ß-тәуелді бронхиальды астма, «аспириндік» бронхиальды астма,
гипербрадикининемия синдромында байқалатын бронхиальды астма және басқалар.
Жіктелмеген түрі бронхиальды астмамен ауыратын балалардың 5-10%-ында
байқалады. Аурудың бұл тобы ұзақ бақылаудан соң және жан-жақты тексеруден кейін ғана
анықталады.
Негізгі этиологиялық факторлар. Инфекциялық емес сенсибилизация екендігі
аллергологиялық анамнез мәліметтерімен анықталып, аллергологиялық кабинетте терілік
сынамалар, ал кейбір ауруларда болжанған аллергендермен жүргізілген провокациялық
және лабораториялық сынамалардың көмегімен жүргізіледі. Ал, инфекциялы
сенсибилизацияны анықтау үшін терілік, ингаляциялық провокациялық және
лабораториялық сынамаларды қатар жүргізу керек.
Инфекциялық бейімділігі. Бронхиальды астма ұстамасының тыныс жолдарының
жедел инфекциялық зақымдалуымен, қайталама және созылмалы тыныстық инфекцияның
өршуімен байланысты болуымен анықталады.