Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


РЕВМАТИКАЛЫҚ ЕМЕС КАРДИТТЕР



Pdf көрінісі
бет579/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

9.3. РЕВМАТИКАЛЫҚ ЕМЕС КАРДИТТЕР
Ревматизмдік емес кардиттер – 
жүректің бейарнамалы инфекциялық-қабыну
аурулар тобы.
Бұнда патологиялық процесс, әдетте жүректің үш қабатынада (эндокард,
миокард, перикард) тарайды. Миокардтің қабынуының клиникалық белілері, әдетте басым
болып келеді, сондықтан көбіне «миокардит» деген термин қолданылады. Осыған орай
педиатрияда «кардит» деген термин қолданылады. Аутопсиялық мәліметтер бойынша кар-
диттер балалар арасында, үлкендерге қарағанда, көбірек тараған. Кардиттердің ауыр түр-
лері ерте жастағы балаларда жиі кездеседі. Кенеттен өлген балалардың ішінде кардиттер
17-21% құрайды. Кардиттер саны вирустар инфекциясы эпидемиясы кезінде арыта түседі. 
9.3.1. МИОКАРДИТ
Миокардит –
жүрек бұлшықетінің инфекциялық немесе инфекциялық емес
қабынулық зақымдалуы.
Миокардит туралы күмән кезкелген балада, туа біткен ақау жоқ
жағдайда, жүрек жетіспеушілігі белгілері пайда болғанда, әсіресе сәйкес емес тахикардия
байқалғанда және\немесе ентігу, сонымен қатар жүрек ұшының соғуы әлсірегенде және
гепатомегалия байқалғанда 
 
туады.
Этиологиясы.
 
1
. Инфекциялық факторлар
(балалардың көбінде байқалады).
Вирустар

коксаки В (ең жиі кездесетіні), Коксаки А, ЕСНО-вирустар,
аденовирустар, грипптің вирустары, ұшпа, цитомегалия, жәй герпес, адам
иммундықтапшылық вирусы және басқалар.
Бактериялар –
 
күл, иерсиниоз, стафилококктық инфекция және басқалар. Бактерия-
лық миокардиттер балаларда сирек байқалады, әдетте 5

6 жастан кейін байқалады.
Вирусты-вирусты және вирусты-бактериальды ассоцияцилар
миокардиттің ең жиі
кездесетін этиологиялық факторлары болып келеді. 
Басқа инфекциялар
: микоплазмалық инфекция; риккетсиоздар (тиф-сүзек);
саңырауқұлақтық инфекциялар (актиномикоз, гистоплазмоз және басқалар); қарапайымдар
инфекциясы – трипаносомоз (Шагас ауруы), токсоплазмоз және басқалар.
2. Инфекциялық емес факторлар 
(сирек кездеседі).
Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары.
Кавасаки синдромы.
Аллергиялық аурулар
(сарысу ауруы, өкпе эозинофильді инфильтраты, Стивен-
Джонсон синдромы, дәрілік аурулар және басқалар).
Метаболикалық бұзылыстар
(уремия, микседема және басқалар).
Лейкоз және залалды ісіктер метастазы.
564


Химиялық немесе физикалық әсерлер:
 
сәулелі зақымдалулар (ионизациялық
радиация); токсиндер әсері (қорғасын және басқалар); дәрілік препараттардың әсері
(доксорубицин және басқалар); жануарлар шағуы (жылан, қарақұрт және басқалар); жүрек
жарақаты (доғал немесе тесіп өтетін), посткардиотомиялық синдром.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет