Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет580/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Патогенезі.
Миокардиттер патогенезінде, патологиялық процессте өзіндік жеке
ағымдық көрініс қалыптасуға ықпал ететін, механизмдерді төрт негізгі топқа бөледі: 
1.
Патогендік фактордың кардиомиоциттерге тікелей әсер етуі
(инфекциялық,
паренхиматозды миокардит). Бұндай механизм, әдетте вирусты инфекцияларды
байқалады.
2.
Миокардтың тамырлық зақымдалуы
келесілермен: а). Кейбір қоздырғыштардың
«эндотелиотроптығы» (грипп вирусы, аденовирус, микоплазма және басқалар);
б). Инфекциялық және инфекциялық емес иммунокомпонентті зақымдалулар (дәнекер
тіннің иммунопатологиялық аурулары).
3.
Жүрек тіндерімен қарама-қарсы әсерлесетін антиденелер және активтелінген
лимфоциттердің зақымдау әсері
. Бұл механизм, өз патогенезі бойынша ревматикалық
миокардитке жақын, бірақ одан жалпы белгілері болмауымен ажыратылатын,
постстрептококкты миокардитке тән. 
4.
Миокардтың іріңді метастатикалық зақымдалуы
септикопиемиялық
процесстерде байқалады және балаларда сирек кездеседі. 
Жіктелісі.
Миокардиттердің жалпы қабылданған жіктелісі педиатрияда жоқ. Н.А.
Белоконь мен М.Б. Кубергер ұсынған жіктеліс (1987) 
92 кестеде
берілген.
92 КЕСТЕ
Н.А. БЕЛОКОНЬ МЕН М.Б. КУБЕРГЕР ҰСЫНҒАН МИОКАРДИТТЕРДІҢ
ЖІКТЕЛІСІ
(1987 ж.)
Аурулардың пайда
болу кезеңі
Туабіткен (антенатальды) – ерте, кеш.
Пайда болған
Этиологиялық фактор
Түрі (процесстің негізгі 
орналасуы бойынша)
Ағымы
Кардиттің ауырлығы
Жүрек жетіспеушілігінің
түрі және дәрежесі
Ақыры және 
асқынулары
Вирустық, вирусты-бактериальды, бактериальды, паразитарлы,
саңырауқұлақты, иесиниозды, аллергиялық (дәрілік, 
сарысулық, поствакцинальды), идиопатиялық
Кардит 
Жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы
Жедел – 3 айға дейін.
Жеделдеу – 18 айға дейін
Созылмалы – 18 айдан артық (рецидивті, алғашқы-созылмалы):
іркілістік, гипертрофиялық, рестриктивті варианттар
Жеңіл, орташа, ауыр
Солқарыншалық І, ІІА, ІІБ, ІІІ дәрежелі
Оңқарыншалық І, ІІА, ІІБ, ІІІ дәрежелі
Жайылған (тотальды)
Кардиосклероз, миокард гипертрофиясы, ырғағының және 
өткізгіштігінің бұзылуы, өкпе гипертензиясы, қақпақтық 
аппараттың зақымдалуы, констриктивті миоперикардит, 
тромбоэмболиялық синдром


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет