Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет590/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Патогенезі.
Ырғақтың және өткізкіштіктің бұзылуы жүректің негізігі функциялары-
ның – автоматизмнің, қозудың, рефрактерлігінің, өткізгіштігінің және жиырылуының
бұзылуына байланысты пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыстардың дәрежесі
байланысты: 1) негізгі ауруға; 2) бұзылыстардың сипаты мен айқындылығынын; 3)
патологиялық процесстің ағымының ұзақтығына.
Жіктелісі.
Бұл бұзылыстарды бөледі:
- ырғақ пен өткізгіштіктің функциялық бұзылыстары: 1) жүректің зақымдалуының
белгілерінің болмауы; 2) гемодинамикалық бұзылыстардың болмауы; 3) тұрақты
сипаты; 4) қатерсіз ағымы; 5) субъективті сезімнің төмен болуы.
- ырғақ пен өткізгіштіктің органикалық бұзылыстары: 1) жүректің зақымдалу белгі-
лері; 2) гемодинамикалық бұзылыстар болуы мүмкін; 3) өткінші сипаты; 4) қарқынды
немесе қарқынды емес ағымы; 5) шағымдарымен клиникалық белгілерінің болуы.
573


Электрокардиографиялық көрсеткіштер негізінде
кейбір аурулар мен
жағдайларды ажыратады: 
- экстросистолия. 1) қарыншаүстілік экстросистолалар, 2) қарыншалық экстросисто-
лалар; 
- тахикардия: 1) тар QRS кешендерімен (қарыншаүстілік тахикардия), 2) жалпақ QRS
кешенімен (қарыншалық және қарыншаүстілік тахикардия);
- брадикардия: 1) ырғақты жүргізушіні зорландыру, 2) импульстің өтуін блокадалау.
- күрделі немесе қосарланған бұзылыстар – синустық түйіннің әлсіздігі синдромы,
атриовентрикулярлы диссоциация, парасистолия және басқалар. 
Клиникалық көрінісі.
Шағымдары:
жүрек соғу, жүрек ырғағында үзілістердің
анықталуы, жүректің тына қалуы, әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы, бастың айналуы,
синкопальдық жағдай, ентігу, бозғылттықтың немесе шеткі цианоздың эпизодтары және
басқалар.
Негізгі аурулардың көрінісі.
Жүрек жетіспеушілігінің белгілері
(білінбеуден айқын дәрежеге дейін).
Диагностикасы.
ЭКГ
-
жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарын анықтауда ең
негізгі әдіс болып келеді.
ЭКГ қосымша сынамалармен
:
-
симпатикалық тонусты төмендету үшін
– ваготропты тәсілдер (ересек балаларда –
Вальсальва сынамасы, ұйқы артериясын бір жағынан сипау; кішкене балаларда – бетін
салқын суға батыру немесе маңдайына 20-30 секундқа мұз салған қапшықша басу,
тілдің түбірін қоздыру, тоқ ішекке термометр енгізу);
-
симпатикалық тонусты артыру үшін
– мөлшерленген физикалық салмақ; кейде
атропиндік сынама (0,02 мг\кг б\етке). 
-
Холтер бойынша
ЭКГ-ні тәуліктік мониторингтау
– аритмиялардың сирек кездесетін
ұстамаларында.
Электрофизиологиялық зерттеулер
– емнің тиімсіздігінде және өміріне қауіп
тудыратын ырғақтың бұзылыстарында.
Негізгі ауру бойынша кешенді зерттеулер
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет