Қаңқа бұлшық еттерінің зақымдалуы – негізгі клиникалық көрінісі, сонымен қатар
миалгия, қамыр тәрізділігі, мөлшерінің ұлғаюы, негізінен аяқ-қолдардың шеткі бөліктері-
нің, иығының, мойын, арқа, жұтқыншақтардың симметриялы зақымдалумен үдемелі
бұлшықеттік әлсіздік байқалады. Бұл зақымдалу аурудың белсенді қимылдарының
шектелуімен білінеді да, олар өздігінен отырып, тұра алмайды, аяғын сатыға шыққанда
көтере алмайды, жиі жүргенде құлап қалады, жұтынғанда шашалып қалуы мүмкін.
Науқастың өлу себептерінің бірі тыныс алудың бұзылуына байланысты
пневмонияның дамуы. Одан әрі зақымдалған бұлшық еттерде атрофия және екіншілік
кальцификация пайда болуы мүмкін.
Терінің зақымдалуы көп түрлі және осы ауруға тән болып келеді: эритемалар, ісіктер,
дерматиттер басым келеді; папулезді, буллезді, петехиальды бөртпелер байқалады.
Параорбитальды ақшылкөк «гелиотропты» ісік және эритема тән. Саусақтар арасында,
шынтақ және тізе буындарында (Готтрон белгісі), білек пен балтырдың алдыңғы сыртқы
аймағында, бетінде, мойнында орналасқан, өзінің тұрақтылығымен, тоқыраулы көктігімен
ерекшелінетін ашық, эритроматозды папулездық бөртпе байқалады. Шамамен аурулардың
жартысында осымен бірге клегей қабаттардың зақымдалуы байқалады.
Буындық синдром онша тән емес, артралгия немесе периартикулярлы тіндердің
зақымдалуымен білінеді. Висцериттер сирек байқалады және ЖҚЖ немесе
склеродермияда-ғыдай айқын білінбейді, жиі миокардтың зақымдалуы, пневмониттер,
ІҚЖ зақымдалуы, бауырдың ұлғаюы, бүйректің зақымдалуы кездеседі. ІҚЖ васкулиті
клегей қабаттарында жара және инфаркттың пайда болуының себебі болуы мүмкін.
Жалпы белгілердің ішінде ең жиі кездесетіні – дене салмағының азаюы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: