Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет626/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

9.8.5. ТҮЙІНДІ ПОЛИАРТЕРИИТ
610


Түйінді полиартериит (
периартериит
) (
ТП
)
васкуллиттер тобына жатады,
ұсақ және кішкене калибрлі тамырларды жүйелі жарақаттайтын болғандықтан ерекше
полиморфизммен сипатталады.
Жиі инфекциялардан, интоксикациялардан, дәрілік
жоғары сезімталдықтан кейін, вакциналар енгізгеннен және басқалардан кейін дамиды.
Кейде науқастарда HDs-антигендер анықталады. ТП дамыған кезде айналымда және
тамыр қабырғасына бекітілген иммундық кешендер әсері анықталады. ТП-да жиі тері,
бүйрек, шеткі нервтер, бұлшықет және ІҚЖ тамырлары зақымдалады; тамырларда некроз,
тромбоз және атрофиялар дамуы мүмкін. Басқа мүшелердің процесске араласуы сирек
байқалады. 
Жіктелісі.
Шартты түрде келесі түрлерге
 
бөледі: терілік және жүйелік (бүйректік-
висцеральды, бүйректік-полиневритикалық, тромбоангаиттік).
Жедел, жеделдеу және (сиректеу ) созылмалы ағымдарын ажыратады.
Клиникалық көрінісі.
 
Көбіне ер балалар ауырады. Көп жағдайда жедел басталады,
80%-да дұрыс емес типті тұрақты қызбамен жүреді.
Терілік формасында полиморфттық терінің бөртпелер түрінде (жиі геморрагиялық,
тыртықтар, некроздар, атрофиялар) жарақаттану тән болады. 
Жүйелік түрінде терілік бөртпелермен қатар буындарда, ішінде ауырсыну байқалады,
кейін ішкі мүшелер жарақаттануы (тұрақты гипертензиялы нефрит, миокардиттер, ІҚЖ
және аталық бездердің ишемиялық зақымдалуы), миалгиялар және шеткі нервтер невриті
қосылады. Ерте байқалатын белгілердің бірі – көз тамырларының зақымдалуы (көз түбін
қарау міндетті) болуы мүмкін. Сиректеу өкпе және талақ тамырлары зақымдалады. Дерт
әрқашанда қабыну процессінің жоғары лабораториялық активтілік көрсеткіштерімен
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет