Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЭЗОФАГОГАСТРОДУОДЕНАЛЬДЫ АЙМАҚ АУРУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет629/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

10.1. ЭЗОФАГОГАСТРОДУОДЕНАЛЬДЫ АЙМАҚ АУРУЛАРЫ
ГАСТРОЭЗОФАГЕАЛЬДЫ РЕФЛЮКСТЫ АУРУ
10.1.1. Гастроэзофагеальды рефлюксты ауру (ГЭРА) –
асқазандағы
сұйық-тықпен өңештің және аралас мүшелердің зақымдалуынан пайда болатын,
біртіндеп үдейтін созылмалы ауру. 
Этиологиясы.
 
ГЭРА-нің дамуының тікелей себебі гастроэзофагальды рефлюкс (ГЭР)
– асқазандағы сұйықтықтың өңешке қайталап түсуі болып келеді. ГЭР себебі болуы
мүмкін:
1.
гастроэзофагеальды аймақ аурулары:
- өңештің төменгі сфинктерінің жетіспеушілігі;
- көк еттің өңештік тесігінің жарығы;
- өңештің рецепторларының рефлюкстік заттарға сезімталдығының жоғарлауы;
2. жиірірек ваготониямен нейроциркуляторлы дисфункция; 
3. омыртқа жотасының аурулары (сколиоз, остехондроз және т.б.).
ГЭРА пайда болуына келесі факторлар ықпал етуі мүмкін:
1. алиментарлық: ретсіз тамақтану, тағамдарды жиі тез ауыстырып отыру, құрғақ тамақ
ішіу, шектен тыс көп тамақ ішу, рафинирленген, шошқа және қой майлы, дөрекі
клетчаткалы тағамдарды, ашытқыларды шектен тыс көп ішу, тағамды ыссы немесе
салқын күйінде ішу;
2. ауыр физикалық салмақтар түсу, вибрациялар, қызып кету;
3. нервтік-психикалық бұзылыстар;
4. экологиялық себептер (ішетін судың жағдайы, тағамдарда ксенобиотиктердің болуы,
топырақта нитраттардың болуы);
5. дәрілер қабылдау (холинолитиктер, тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар,
теофиллин, ß-блокаторлар, кальций каналдары блокаторлары және т.б.);
6. шылым шегу;
7. тағамдық аллергия.
Патогенезі.
 
Негізінде клегей қабатының зақымдаушы әсер ету қабылеті бар, асқазан
сұйықтығының өңешке түсуі жатады. 
Маңызы бар: 
ГЭР-дің жиілігі мен ұзақтығы;
• өңештің қайта түсетін қышқылдардың босана алу (өңештің 5 минуттан артық
қышқылдануы) жылдамдығының төмендегілердің нәтижесінде төмендеуі:
-
өңештің активті перистальтикасының бұзылуы (өңеш дискинезиясы, эзофагоспазм);
-
слекей мен клегейдің сілтіліендіру қабылетінің төмендеуі, жергілікті бикорбонатты
кедергінің және клегей қабатының регенерациясының әлсіреуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет