Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


– селективті холнинолитиктер (гастроцепин, риабол, телезепин) тағайындалады.  Алдын-алу



Pdf көрінісі
бет635/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы


селективті
холнинолитиктер (гастроцепин, риабол, телезепин) тағайындалады. 
Алдын-алу
 
тиімді күн тәртібіне, оңтайлы тамақтануға, физикалық және
психоэмоциялық салмақтың сәйкес болуына жағдай жасаудан тұрады.
Диспансерлік бақылау
 
1 жыл бойына жүргізіледі. Арудың субъективті шағымда-рын,
объективті жағдайын бағалап, бақылауға бағышталған ЭГДС жүргізіп, қажет болса
биопсия жасайды. Макро-микроқұрылым деңгейінде өзгерістер анықталмаса, науқасты
есептен шығарады. ФД дұрыс емдеп, бақылаған жағдайда, себептерін анықтап жойып
отырса, жазылып кетуі мүмкін, бірақ созылмалы гастрит, тіптен ойық жараға ауысуы
мүмкін екендігін естен шығармау керек. 
10.1.3. ЖЕДЕЛ ГАСТРИТ
Жедел гастрит

асқазан кілегей қабатының жедел қабынуы.
Этиологиясы:
жедел гастрит дамуында негізгі себептер: тағамдық токсикоинфек-
ция, зиянды тағамдар қолдану, асқазанға шектен тыс жүктеме түсіру, тағамды жеткілікті
шайнамау, тұрмыстық улармен улану, аллергия, әртүрлі дәрілік заттарды ұзақ қолдану
(сульфаниламидтер, салицилаттар).
Патогенезі:
асқазанның кілегей қабатында бактерия токсині, олардың ыдырау өнімі,
адекватты емес тағамдар әсер етіп, оның трофикасын бұзады. Бұл асқазанның сөліністік
қызметінің бұзылыстарына әкеледі.
Клиникалық көрінісі
: жедел гастрит көрінісі этиологиялық фактор әсерінен соң 8-12
сағаттан кейін көрініс береді. Алиментарлы себепті жедел гастрит дискомфорт, жалпы
әлсіздік, жүрек айну, сілекей ағу, ауызда жағымсыз дәм пайда болумен білінеді. Кейін бас
айналу, тәбет төмендеу, бара-бар тәбеті толықтай жойылады, қайталамалы құсу, ол
жақсаруға әкеледі және іштің жоғарғы жартысында ұстама тәрізді сипаттағы ауырсынулар
қосылады. Құсық құрамында тағам қалдықтары анықталады.
Объективті қарағанда бала бозғылт, тілі ақ-сағыш жабындымен жабылған, метеори-
зм, эпигастрий аймағында пальпацияда ауырсыну анықталады. Ауру ұзақтығы – 2-5 күн.
Токсико-инфекциялық себепті гастритте жоғардағы шағымдарға анық интоксикация-
лық симптомдар қосылады: дененің фибрильді қызбасы, ұзаққа созылған диарея,
сусыздану симптомдары. Ауру ұзақтығы 7-10 күн.
Емдеу:
алғашқы 2-3 күні төсектік режим тағайындалады. Емді асқазанды, ішекті
тағам қалдықтарынан тазалауды бастайды. Асқазанды жылы NaCl ерітіндісімен 1%-дық
натрий гидрокарбонатымен, минеральды немесе қайнаған сумен жуады, ал ішекті тазарту
үшін клизма қолданады. Ішекке тұзды іш жүргізетін препараттар береді. Сусыздану
байқалса, изотониялық натрий хлориді ерітіндісін 5%-дық глюкоза ерітіндісімен, Рингер
ерітіндісін қосып парентеральды түрде тағайындайды. Тоқтаусыз құсық кезінде 0,1 
мл
/
жасына
аминазин тағайындайды.
617


Маңызды орынды емдік тамақтандыру алады. Бұл кезде ана сүті, көп мөлшерде
сұйықтық – мұздатылған шай, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 5%-дық
глюкозамен қосып тағайындайды. Сұйықтықты аз мөлшерден жиі-жиі береді. Ересек
балаларға кілегейлі суп-пюре, майсыз сорпалар, қытырлақ нан, кисель, ботқалар беруге
болады, 5-7 күннен кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырады. Тағамның
рационынан ащы тамақтар, қуырылған ет, консервілер алынып тасталынады.
Токсико-инфекциялық гастритте антибактериальды терапия (ампицилин, оксацил-
лин, ципорин, гентамицин), ферменттер, В-тобының витаминдерін тағайындайды.
Алдын-алу
:
ауру алдын-алу үшін тиімді тамақтану мен тамақтану гигиенасын ұсыну
керек. Асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын заттарды ұзақ қолданбау керек.
Жағымсыз, тұрып қалған тағамдарды қолданбау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет