Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет631/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ажырату диагнозы.
 
Өңештің пептикалық жарасы
әдетте Баррет ауруында
байқалады. Қарқынды төс артының ауруы, дисфагия тән, кейде қан аралас құсу немесе
анемияға әкелетін жасырын қан кету байқалады. Олар эндоскопия арқылы анықталады.
Өңештің тарылуы

тамақ ішкеннен кейін бірден қатты құсу және регургитация,
дене салмағының төмендеуі, рентгенологиялық немесе эндоскопиялық зерттеулермен
анықталады. 
Туа біткен өңештің ахалазиясы.
Алғашқы белгілері (дисфагия, регургитация) 3-5
жастан асқан балаларда байқалады. Өңешке эндоскопия (немесе рентгеноскопия)
жасағанда гипертонус жағдайда тұрған өңештің төменгі сфинктерінің жұтынған кезде
босаңсымауы анықталады. 
Емі және алдын-алуы.
 
Емдәмі және өмір режимі қалыптастырылады:
1. тағамды көп мөлшерде ішпеу, түнге қарай тамақ ішпеу;
2. тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағат бойына жатпау, еңкейіп жұмыс жасамау;
3. өңештің төменгі сфинкторының тонусын төмендететін тағамдарды (майлар, қуырған
тамақтар, кофе, шокалад, цитрусты жемістер, газдалған сусындар) және дөрекі
клетчаткалы тағамдар (жаңа пияз, сарымсақ, қырыққабат, бұрыш, редис) шектеледі;
4. шылым шегуден бас тарту;
5. керуеттің бас жағын көтеріңкіреп (15 см) жатып ұйықтау;
6. белбеуді қатты тартпау;
7. өңештің төменгі сфинктернінің тонусын төмендететін дәрілерді (холинолитиктер,
тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар, теофиллин, ß-блокаторлар, кальций
каналдары блокаторлары және т.б.);) мүмкіндігінше қолданбау. 
Дәрі-дәрмектік ем бағытталады: 
1. асқазан сөлінің жаугершілігін төмендету (антацидтер, антисекреторлы дәрілер);
2. өңештің моторикасын қалыптастыру (прокинетиктер).
Рефлюкс – эзофагитті емдеу үшін, өңештің клегей қабатына тұнатын, құрамында
альгия қышқылы бар топалкан (топаал) және альгикан
селективті антацидтер
болып
есептеледі. Антацидтер әдетте, тамақтан 1-1,5 сағат кейін күніне 3-4 рет және түнге қарай,
қосымша күю және төс артының ауруы байқалғанда беріледі. 
614


Антисекреторлы заттар
– эрозивті эзофагитте қолданылады. Н
2
-гистаминблока-
торлардың 2 және 3 ұрпақтары (ранитидин немесе фамотодин) немесе Н
+
К
+
АТФазы
ингибиторлары (омеперол, ланцепрозол, пантопрозол), 3-4 апта бойына қолданылады. 
Прокинетиктер
өңештің төменгі сфинктернінің тонусын артырады және асқазаннан
эвакуацияны жылдамдатады. Дофа-рецепторлар блокаторларын (мотилиум 1мг/кг есебі-
нен тамақтан 30 минут бұрын тәулегіне 3 рет); холиномиметиктер (препульсид тәулігне
0,5мг/кг есебінен) қолданылады. ГЭРА-ны емдеу басында антисекреторлы заттар (2-4
апта), содан кейін антацидтерге прокинетиктер қосып, 4-6 апта бойына беріледі. 
3 және 4 дәрежелерінде Н
+
К
+
АТФазылар ингибиторларына прокинетиктер қосып, 4-6
апта бойына тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет