Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет633/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   629   630   631   632   633   634   635   636   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жіктелісі.
 
ФД
-ны жаратәріздес, дискинетикалық, арнаулы емес түрлерге бөледі.
ФД
-
ның
 
клиникалық көрінісі
 
алуан түрлі. Олардың ортақтары келесідей:
615


- белгілердің эпизодтылығы, олардың қысқамерзімділігі және стереотипсіздігі;
- макроқұрылымдық және гистологиялық деңгейде асқазанның органикалық зақымда-
лу белгілерінің болмауы;
- белгілердің орталық және вегетативті нерв жүйесінің функциялық жағдайына
байланыстылығы;
- белгілердің алиментарлы және алиментарлы емес факторлармен байланыстылығы,
невротикалық фон немесе басқа мүшелер мен жүйелердің аурулардың болуы;
ФД үшін жиі нервтік-вегетативтік тұрақсыздық (жоғары эмоциональдық, қозғыштық,
тершеңдік, ұйқысының бұзылуы, пульстің және қан қысымының өзгерімпаздылығы) фон
болып келеді. 
Ең тұрақты белгісі

іштің ауруы. Іштің ауруы көбіне ұстама тәріздес, колика
сықылды, тұрақты орналасатын жері (көбіне кіндік аймағында) болмайды. Спазматикалық
дәрілердің тиімділігінің диагностикалық маңызы бар. Диспепсиялық көріністер тән емес,
дегенмен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Баланы қараған кезде пальциялағанда
ауырсыну негізінен эпигастриялық аймақта орналасады, дегенмен ұстамадан кейін
жойылып кетеді. 
Диагностикасы.
 
ФД диагнозы, арнайы зерттеулер жүргізбей-ақ, анамнез және қарау
мәліметтер негізінде қойылуы мүмкін.
Эндоскопияда
асқазан клегей қабаты әдетте, өзгермеген, бірақ, созылмалы
қабынудың гистологиялық өзгерістерісіз, беткейлі «жұмыстық» гиперемия (көбіне бұл
көрініс гастриттің гипердиагностикасына себеп болады) байқалуы мүмкін.
Асқазанның сөліністік функциясы (рН-метрия және фракциялық зондтау мәліметтері
бойынша ) қалыпты немесе бұзылған, көбіне жоғары болады.
Моторикалық бұзылыстар:
сфинктердің спазмы, перисталтиканың күшеюі,
дуоденогастральды рефлюкс, кардияның жетіспеушілігі.
Функциялық бұзылыстарды анықтау үшін асқазан функциясының базистік деңгейін
анықтаумен қатар, арнайы сынамалар жүргізу (сөлініс стимуляторларымен фармакология-
лық сынамалар, физикалық салмақпен сынамалар) қажет болады. Диагноз қойғанда фон-
дық ауруларды анықтау керек. Қажет болған жағдайда ОНЖ, вегетативті нерв жүйесінің
жағдайын бағалайды, инфекциялар ошағының, паразиттердің және басқалардың бар
жоғын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   629   630   631   632   633   634   635   636   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет