Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет747/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   743   744   745   746   747   748   749   750   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
Келесідей белгілер тән:
Ауру жиі жедел басталады, дене қызуы 38°-39°С, тәбеті төмендейді, әлсіздік,
шаршағыштық пайда болады. Көбіне ОРИ-дан кейін 1-2 аптадан соң басталады, бір
немесе бірнеше синдром көрінісімен байқалуымен басталуы мүмкін. Ең жиі кездесетін
және осы ауруға тән белгі болып терінің зақымдалуы есептеледі. 
Тері- гемморагиялық синдромы .
Жиі терідегі өзгерістер аяқтарда, жамбаста,
қолда, бел аймағында, кейде кеудеде, бетте, мойында пайда болады. Алғашқыда ұсақ
эритематозды дақ (2-3 мм көлемінде), кейін элементтер қызғылт-қою түске боялады.
Терілік зақымданулар жиі симметриялы буындар айналасында, жамбаста, құйрықтарда,
аяқтардың бүккіш беткейлерінде топтасып орналасады. Терілік зақымданулар полимор-
фты болуы да ықтимал. Кейде науқастарда ангионевротикалық ісік көрінісі, сонымен
қатар білезік, табан, тізе, қабақ, бет аймағында ісінулер дамуы мүмкін. Бөртпелер 2-3 см-
ге дейін жетуі мүмкін. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Терінің қышуы тән емес. Ауыр
ағымында, буллезді бөртпелерден некроздық пурпуралар пайда болуы мүмкін. 
Буындық синдром.
Ірі буындардың (тізе, қол немесе аяқ басы, шынтақ буындары)
зақымдалуымен, қайтымды процесспен (ісік, ауырсыну, гипофункция бірнеше сағаттан
кейін бірнеше күнге дейін сақталады, кейін қалдықсыз жойылып кетеді) және толықтай
буындар қызметінің қалыптасуымен сипатталады. Ұшпалы сипаттанып, өзгеріп отырады.
Абдоминальды синдром
аяқ асты ұстамалы жиі кіндік айналасында орналасатын
қатты ауырсынулармен сипатталады. Бұл жағдайдағы клиникалық көрінісі «іш бүлігі»
туралы ойландырады. Ауыр жағдайларда қан аралас құсық, қанды немесе қара нәжіс
пайда болады. Іші аздап кебеді, бірақ іштің алдыңғы беті бұлшық етінің керілуі болмайды,
нәжіс жиілеуі байқалуы мүмкін. Ішек моторикасының бұзылуы салдарынан ішектің
түйілуі, инвагинациясы, инфарк, ішек перфорациясы , одан әрі перитонит дамуы мүмкін.
Нәжісті жасырын қанға тексеру (Грегерсен реакциясы) әдетте оң болып келеді. 
709


Бүйректік синдром
сиректеу (науқастардың 1/3-1/2 бөлігінде) ошақты немесе
сегментарлы, диффузды гломерулонефрит, жеделдеу гломерулонефрит түрінде білінеді.
Бүйректің зақымдалуын 3 клиникалық түрге бөледі:
1. транзиторлық (өткінші) гематурия;
2. капилляротоксикалық нефрит, гематуриялық түрі;
3. капилляротоксикалық нефрит нефротикалық синдроммен және гематуриямен;
4. тезүдемелі гломерулонефрит.
Алғашқы екі түрі бірдей жиілікпен кездеседі және ағымы жағымды болады.
Науқастардың көбінде бүйректің зақымдалуы қысқа мерзімді микрогематуриямен және
альбуминуриямен білінеді. Ол ошақтық нефриттің белгісі деп есептеледі. Кейбір
науқастарда микроөзгерістер, кейде макрогематурия, экстраренальды өзгерістерсіз және
бүйрек функциясының дөрекі бұзылыстарысыз, ұзақ – бірнеше аптаға немесе айлап
сақталып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда сегментарлы нефрит туралы сөз қылған жөн
болса керек. Нефропатия байқалатын науқастардың 1/3-де жедел нефриттің, айқын
экстраренальды лермен, айқын белгілері байқалады. Нефропатияның бұл түрінің ағымы
әдетте жағымды, бірақ созылмалы нефритке әкелуіде мүмкін. Келесі әрбір қайталаумен
бірге бүйрек зақымдалу мүмкіндігі арыта түседі. Ал басқа белгілері сирек қайталайды. Ең
ауыр асқынуы жеделдеу нефрит, жедел бүйрек жетіспеушілігі. Басқа мүшелердің
зақымдалуы сирек кездеседі, бірақ мидың (өткінші құрысулар, аяқ-қолының салдануы,
тарамыстар рефлекстернің асиммитриялығы, ми нервтерінің, ісінудің, сиректеу қан
құылудың әсерінен,) зақымдалуы байқалуы мүмкін. Сиректеу ұманың (эпидидимит,
орхит, қанқйұылу), аталық бездің ісінуі көрініс береді. Азды-көпті жүрек-тамыр
жүйесіндегі, гепатоспленомегалия жедел кезеңінде жойылып кетеді. 
ГВ-де алғашқы бірінші аптада субфибрильді температура байқалуы мүмкін, сонымен
қатар тиісті инфекцияға сәйкес одан үлкен температурада орын алуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   743   744   745   746   747   748   749   750   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет