Глюкозаға толеранттығының
бұзылуы
7,1 - 7,2
10,8 -11,1
7,9 - 8,3
Манифесті диабет
7,2
11,1
8,3
Қант диабетінің ауырлық дәрежесін анықтау
.
1. Диабеттің
жеңіл ағымы
– микро - және макротамырлық асқынулар болмайды.
2.
Орташа ауыр ағымы
– диабеттік ретинопатияның, пролиферативті емес сатысы.
Диабеттік нефропатия микроальбуминурия сатысында болады. Диабеттік полинейро-
патия көріністері байқалады.
3.
Ауыр ағымы
– диабеттік ретинопатияның, пролиферативті сатысы. Диабеттік
нефропатия, протеинурия, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі байқалады. Автономды
полинейропатия, макроангиопатия көрінісі болады.
І типті қант диабетінің
емі.
Негізгі мақсат – аурудың тұрақты компенсациясын сүйемелдеу және оған қол жеткізу.
ДДҰ ұсынысы бойынша І типті қант диабетінде көмірсу алмасуы компенсациясының
шектері (критериялары) болып саналады.
Компенсацияға қол жеткізу кешенді шаралардан тұрады:
1.
Емдәм (диета).
2.
Инсулинмен емдеу.
3.
Науқасты үйрету және өзін-өзі бақылау.
4.
Мөлшерленген физикалық жүктеме.
5.
Асқынулардың алдын-алу және емдеу.
Баланың өсуі мен дамуы қалыпты болуы үшін емдәм ақуыз, май, көмірсу бойынша
теңгерімді болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: