3.
Инсулиннен кейінгі липодистрофиялар
4.
Гипогликемиялық жағдайлар
Гипогликемия
– қандағы глюкоза мөлшерінің 3 ммоль/л ден төмендеуі. Ол
инсулиннің артық дозасын енгізгенде, немесе организмнің глюкозаны өте көп мөлшерде
жарататын физикалық жүктеме кезінде глюкозаның аз түсуінен дамиды.
Гипогликемия – кенеттен немесе бірнеше минут ішінде пайда болады. Аяқ-қолдар-
дың дірілдеуі, тахикардия, салқын тер, әлсіздік, ашығу сезімі, іштің ауырсыну пайда
болады. Ауыр жағдайларда мазасыздық, агрессивттік, кейін ұйқышылдыққа ауысатын
қозумен, афазиямен, тонико-клоникалық құрысумен, ес жоғалтумен сипатталады.
Егер осы симптомдар пайда болып және баланың санасы әлі айқын болса, оған тәтті
шәй беру керек. Естен танумен өтетін ауыр гипогликемияда: қантамырға глюкагон 10
жасқа дейінгі балаларға 0,5 мг, 10 жастан асқан балаларға 1 мг, көктамырға 20% глюкоза
енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: