Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


І типті қан диабетінің диагностикасы



Pdf көрінісі
бет773/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   769   770   771   772   773   774   775   776   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

І типті қан диабетінің диагностикасы
:
1. Клиникалық белгілері.
2. Гипергликемия. Қалыпты жағдайда капиллярлы қанда глюкозаның деңгейі ашқарында
– 3,3-5,5 ммоль/л. Постпрандиалды гликемия (тағам қабылдағаннан 2 сағ кейінгі қан-
дағы глюкоза деңгейі) 7,8 ммоль/л аз. Қант диабеті кезіндегі глюкоза деңгейі – ашқа-
рында 6,1 ммоль/л және одан жоғары. 2 сағ кейін – 11,1 ммоль/л және одан жоғары.
3. Кетонурия.
4. Қант диабеті диагнозын нақты қоюда басты болып, қанда аутоантиденелердің
анықталуы.
Егер капиллярлы қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 6,1 ммоль/л-ден кем болса
және глюкозаны перооральды енгізгеннен кейін (1,75 г/кг) 2 сағ соң 7,8-11,1 ммоль/л
деңгейінде болса, онда глюкозаға төзімділіктің бұзылысы анықталады.
Ашқарында гликемия бұзылысы: ашқарыңда қант 5,6 ммоль/л-ден көп, бірақ 6,1
ммоль/л-ден аз, ал 2 сағ соң 7,8 ммоль/л-ден аз.
Біздің елімізде әлі күнге дейін аурудың жасырын сатысына дейінгі диагностикасын
жүргізуде стандартты глюкоза толерантты тест қолданылады 
(134 кесте).
Сонымен қатар
Еуропада және АҚШ эндокринологтары СГТТ-ны қант диабетінің диагностикасында
қолдануды тиімсіз деп есептейді. 
134 КЕСТЕ
ДИАБЕТТІ ГЛЮКОЗА ТОЛЕРАНТТЫ ТЕСТ КӨРСЕТКІШТЕРІ
БОЙЫНША АНЫҚТАУ ШЕКТЕРІ 
(қандағы қант ммоль/л).
Көмірсулар алмасуының
жағдайы
Ашқарынға Глюкоза бергесін
60 минуттан
кейін
Глюкоза бергесін
120 минуттан
кейін
Дені сау балалар
6,7
10
6,7
730


Глюкозаға толеранттығының
бұзылуы
7,1 - 7,2
10,8 -11,1
7,9 - 8,3
Манифесті диабет
7,2
11,1
8,3
Қант диабетінің ауырлық дәрежесін анықтау
.
1. Диабеттің 
жеңіл ағымы
– микро - және макротамырлық асқынулар болмайды.
2.
Орташа ауыр ағымы
– диабеттік ретинопатияның, пролиферативті емес сатысы.
Диабеттік нефропатия микроальбуминурия сатысында болады. Диабеттік полинейро-
патия көріністері байқалады.
3.
Ауыр ағымы 
– диабеттік ретинопатияның, пролиферативті сатысы. Диабеттік
нефропатия, протеинурия, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі байқалады. Автономды
полинейропатия, макроангиопатия көрінісі болады. 
І типті қант диабетінің
 
 
 емі.
Негізгі мақсат – аурудың тұрақты компенсациясын сүйемелдеу және оған қол жеткізу.
ДДҰ ұсынысы бойынша І типті қант диабетінде көмірсу алмасуы компенсациясының
шектері (критериялары) болып саналады.
Компенсацияға қол жеткізу кешенді шаралардан тұрады:
1.
Емдәм (диета).
2.
Инсулинмен емдеу.
3.
Науқасты үйрету және өзін-өзі бақылау.
4.
Мөлшерленген физикалық жүктеме.
5.
Асқынулардың алдын-алу және емдеу.
Баланың өсуі мен дамуы қалыпты болуы үшін емдәм ақуыз, май, көмірсу бойынша
теңгерімді болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   769   770   771   772   773   774   775   776   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет