Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет858/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   854   855   856   857   858   859   860   861   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

болжамы
сәтті
.
А
 – 
иммуноглобулинінің
 селективті тапшылығы
аутосомды-
доминантгы да, аутосомды-рецессивті де жолмен берілуі ықтимал. 18 жұп хромосома
аномалиялары, Е-иммуноглобулин тапшылығымен қоса жүруі сирек емес
. Кейбіреулерінде
А-иммуноглобулин тапшылығының қалыпты көрсеткіштен ешқандай ауытқусыз,
ауруларға жоғары бейімділіксіз өтуі кездеседі. Көрнекті жағдайларда бұл созылмалы
диарея, рецидивті респираторлық инфекциялар, ревматоидтық артрит, дерматомиозит,
жүйелі қызыл жегі, созылмалы белсеңді гепатит, өкпе гемосидерозы, анафилактикалық
әсерлерге бейімділік – шөптік қызыну (сенная лихорадка), атопиялық бронх демікпесі,
анафилактикалық шок сияқты аурулармен көрінеді. Ауыр және рецидивті инфекциялар
бұл аурулардың 15%-да байқалып, оларда G-2, G-4 иммуноглобулиндерінің тапшылығы
қатар болады. А- иммуноглобулині тапшылығы барлар арасыңда қатерлі ісікпен ауру
жоғары екені белгілі болды (лейкоздар, лимфома, ретикулосаркомалар т.б.). Қаңда А-
иммуноглобулин деңгейі өте төмен (0,05 г/л-ден аз), ал көбінде бұған Е-де қосылады да,
М, G иммуноглобулин көрсеткіштері қалыпты болады. В-лимфоциттерінің саны (бойында
А иммуноглобулині бары) қалыпты. ДДҰ сарапшыларының қорытындысы: тапшылық
мәні әр ауруда әрқилы болуы ықтимал, яғни Т-супрессорларының өте көптігі, Т-
хелперлерінің кемістігі, В-клеткаларының өзіңдік (ішкі) тапшылығы. Аурулардың
797


спонтанды (өзінен-өзі) жазылып, А-иммуноглобулин денгейінің қалыпқа келуі туралы
мәліметтер бар, сондықтан кей авторлар мұндай жағдайдың әрбір науқаста кездесу
мүмкіндігіне шек қоймайды. Аурулардың 40 %-да А-иммуноглобулиніне антиденелер
табылған, соңғылары, қан, плазма, гамма, -иммуногло-булиндер құю салдары. А
иммуноглобулинінің өте аз мөлшері барлық коммерциялық иммуноглобулин
препараттарында бар. Бұл жағдай осындай ауруларды қан препараттарымен емдеудің
тиімділігін көрсетеді. Жүре пайда болатын А-иммуноглобулин тапшылығы дифенинмен
ұзақ емдеу бойында өрбуі ықтамал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   854   855   856   857   858   859   860   861   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет