Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет860/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   856   857   858   859   860   861   862   863   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Дисгаммаглобулинемиялар
 
– 
гетерогенді аурулар тобы, иммуноглобулиндер-
дің сапалық құрамы бұзылысымен орайласып, қандағы мөлшері қалыпты болып, белгілі
антигендерге иммундық жауаптың болмауымен ерекшеленеді.
Бұл иммуноглобулиндер
негізгі тізбектерінің қатынастық бұзылыстарымен орайласуы мүмкін. Мысалға, Дункан
ауруы жатады. Ауруларда гипогаммаглобулинемия, нейтропения, апластикалық анемия
пайда болады. Иммундық жауап Эпштейн-Барр вирусына (мононуклеоз қоздырғышы) өте
нашар, басқа вирустық инфекциялар (герпес) ағымына ерекшелік байқалмайды.
Біріншілік және екіншілік дисиммуноглобулинемия, осы және басқа формаларынын
жиілігі анықталмаған.
18.7. ГРАНУЛОЦИТТЕРДІҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ КЕМІСТІКТЕРІ
798


Тұқым қуалайтын нейтропениялар
.
Сирек кездесетін біріншілік кемістік
(нейтрофилдер саны 1 мкл-де 1500-ден төмен), төмендегі көрсетілген варианттарымен
байқалады.
Инфантильді летальды агранулоцитоз
(Костман ауруы)
аутосомды-
рецессивті типпен беріліп, клиникасы созылмалы тері, клегей қабаттар, қосымша
қойнаулар, өкпенің іріндік инфекцияларымен көрінеді.
Пародонтоз, артынан сепсиске
ауысуы тән. Айқын моноцитоз және лейкоциттер саны қалыпты жағдайда, нейтрофилдер 1
мкл-де 300-ден аз. Сүйек майында промиелоциттерден гөрі жетілген нейтрофильді
клеткалар көбірек табылады. 
Болжамы 
қолайсыз.
Циклдық нейтропения
аутосомды-доминантты немесе рецессивті типпен
беріледі. Айқын белгілеріне оқтын-оқтын әр 3-4 аптада қайталайтын гранулоцитопения
жатады.
Лейкоциттер саны ұстама кезінде көбінесе азаяды. Әдетте, гранулоцитопения
кезенінде қызба, іш, буын аурулары, бауыр мен көк бауыр ұлғаюы байқалады. Жоғары
тыныс жолдарының инфекциялары, конъюктивит, пиодермиялар қосылуы сирек емес.
Ұстама 2-7 күн немесе одан да көбірек уақытқа созылады.
Емі
симптоматикалық,
сепсиспен асқыну болмаған жағдайда болжамы сәтті, бүйректің амилоидтық бұзылысы
мен периодтық ауруға ұқсас ағымы байқалуы да ықтимал.
Отбасылық қатерсіз нейтропения аутосомды-доминантты немесе аутосомды-
рецессивті типпен беріледі. Лейкопения шамамен 3,0-4 х 10
9
/л, кейде оданда төмен болуы
мүмкін. Лейкоцитарлық формулада нейтрофильдер 30-35%. Сүйек майында лейкоциттер
өскінінін шамалы гипоплазиясы анықталады.
Клиникасы
еш көрініссіз болуы ықтимал,
жиі байқалатын инфекииялардың рецидивке және/немесе созылмалы түріне
бейімділігімен ерекшеленуі де кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   856   857   858   859   860   861   862   863   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет