Балық өнімдері



бет4/4
Дата03.10.2022
өлшемі3,53 Mb.
#41170
1   2   3   4
Байланысты:
срс балык

Консистенциясын анықтау
Балықтың және балық өнімінің консистенциясын өнімді саусақпен жеңіл ғана басу арқылы анықтайды. Шикізат балық етінің консистенциясын анықтау үшін балықтың қатты тығыздалған бөлігінде өткір пышақпен қиғаш тілік жасайды. Егер кесіктің шетін басқан кезде ет қатты серіппеленіп, деформация іздері жылдам жоғалатын болса, консистенциясы – тығыз; егер балық еті аз серіппеленіп, деформация іздері баяу, алайда толық жоғалатын болса, онда консистенциясы – әлсіреген; егер балық еті серіппеленбей, пердешелері бір-біріне қатысты алғанда аздап ығысқан болып, пайда болған тереңдеулер толық жойылмаса, консистенциясы - жұмсақ; егер саусақ арасында езген кезде оңай жағылып қалатын болса, консистенциясы - жағылмалы деп айқындалады.
Балықтың пайдасы:
ағза жоғары сапалы ақуызға қанығады;
сондай-ақ, балық жегеннен артық салмақ қосылмайды.
жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
тері, шаш, тырнақ, сүйек пен тістің жағдайын жақсартады;
өмір сүру ұзақтығын арттырады;
көру қабілетін жақсартады;
қандағы холестеринді төмендетеді;
қан ұю функциясы қалыпқа келеді;
Балықтың зияндылығы
қақталған балық құрамында қатерлі ісік тудыратын канцерогенді заттардың артық болуына байланысты зиянды деп саналады. Бірақ, суық қақталған балық аса зиянды емес, ал ыстыққа ысталған балықтарда канцерогенді заттар көп.
егер балық дұрыс сақталмаған болса. Балық – тез бұзылатын өнім және ол арнайы сақтау талаптарын талап етеді.
егер балық паразит жұқтырса. Балық көп жағдайда адам ағзасында құрттардың немесе басқа да құрттардың пайда болуына себепші болады. Сондықтан оны шикідей емес, пісіріп жеген дұрыс;
егер балықтың өзі зиянды болса, оның құрамында зиянды және улы заттар болса. Соның ішінде майлы балық, диарея және ішектің қатты ауыруын тудыратын қоңыр балық, теңіз шортаны секілді балықтардың бәрі уытты және олар сал ауруына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін;
Қызық ақпарат. Жаңа ұсталған балық 1-2 күн ішінде тағам дайындау үшін жарамды және тоңазытқыштың ең төменгі сөресінде сақталынуы қажет. Бөлу мен тазартудан кейін дайын сүбені немесе теңіз өнімін мұздатқышта 6-8 ай бойы сақтауға болады. Ысталған балықты өзіне тән ерекше иістің басқа өнімдерге сінбеуі үшін жабық контейнерде 5-6oC температурада ұстаңыз. Балық консервілерін ашқаннан кейін, оларды банкілерден алып жабық сыйымдылыққа ауыстырып салған кезде ғана 2-3 күн ішінде сақтауға болады
Қорытынды
Балық ерте замандардан бері адам баласының ең құнды тағамдарының бірі болып табылады. Оның құрамында қандағы майды азайтатын, қан қысымын реттейтін, диабеттің алдын алатын және бас аурулары мен артрит кезіндегі ауырсынуды басатын заттар бар. Балық жесеңіз, жүрегіңіз жақсарады. Аптасына 100-200 грамм балық балық етімен тамақтану жүрек ауруларына ұшырамауға жәрдемдеседі екен. Қорытындылай келе балық өнімдерінің адам денсаулығына зиянынан пайдасы көп болып табылады.Сондықтан да барлықтарыңызға пайдалы өнімді тұтынуды кеңес беремін.
  • Темербаева М.В. Безопасность пищевых продуктов: учеб. пособие / М.В. Темербаева.- Алматы: Эверо, 2017.- 312 с.
  • Богданов, В.Д. Рыбные продукты с регулируемой структурой. Учебное пособие для ВУЗов / В.Д. Богданов. - М.: Мир, 2018. - 325 c.
  • Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство, М., 2004,456 б

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет