Балықтардың жүйелік топтары Шеміршекті Сүйекті Бекіретектестер отрядтары майшабақтәріздестер Албырттектестер



бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#69799
1   2   3
Акула
Скат
Тұтасбастылар
Химера
Тақтажелбезектілерге - акулалар мен скаттар жатады.
Акула (лат. Selachioidei; көне норвегше haccal — балық) — тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балық.
Қазір акуланың 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазонка өзені, Ганга) кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар. 1500-2000 -ға жуық тістері бар.2 қатарлы.
Үлкен ақ акула - теңіз бен мұхит жағалауын мекендейтін су жануарларының бірі. Ұзындығы, орта есеппен алғанда, 12- 16 м. Алайда әлемнің рекордына айналған ең ұзын, үлкен ақ акуланың ұзындығы- 23 метр, ал салмағы 3 тонна. Бұл акула скумбрия акулалары отбасына кіреді. Оның бұдан басқа 4 тұқымдасы бар. Екеуі мако, қалған екеуі- майшабақты акула.
Аналықтары аталықтарынан үлкен. Туылған кезде акуланың балалары 1,5 метрдей болады. Ақ акула- үлкен жыртқыш. Көбінесе салқын және жағалауға жақын жерлерде жүзіп жүреді. Ет жегенді ұнатады. Сол себепті кейде оны "теңіз арыстаны" деп те атайды. Жүзуіне құйрығы көмектеседі. Жүзбеқанаттары тек тепе- теңдікті сақтау үшін керек. Тұмсығы үшкір. Құйрығы, тыныс алу тесігі, қырлы үш негізгі жүзбеқанаты бар.
Скат – балықтар класы тақтажелбезектілер отрядының жоғарғы тобына жататын шеміршекті балық. Қоңыржай климатты мұхит және теңіз суларының жағалауға жақын, аса терең емес жерлерін мекендейді. Көбінесе акулалар мен өзінен ірі скаттардан қорғанып , су түбіндегі құмға тығылып жатады. Скаттардың түр –түсі теңіз табанындағы қоршаған ортамен түстес болады.
Дене пішіні – жалпақ , еті – тығыз , терісі – тықыр , тегіс болып келеді. Кейде оларды «жалпиған акула» деп те атайды.Ежелгі гректер скаттың жотасынан алынған уды анастезиологиялық дәрі ретінде қолданған. Скат кеуде қанаттарын кеңінен жазып жіберіп , толқын тәрізді қимылмен жүзеді.Ең ірі скаттар «манты» немесе «теңіз сайтаны» деп аталады. Манты ашық мұхиттағы су бетінде жүреді. Моллюскілермен, шаяндармен, тікентерілілермен, планктондармен және ұсақ балықтармен қоректенеді.
Тұтасбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды.
Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген. Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады. Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға болады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған. Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет