Баөж дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы дк пайда болғанға дейінгі ет даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері. Жоспар



бет14/17
Дата03.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#60289
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Үш деңгейлік дыбыс
Дыбыстық тақшаға ең қиын кедергі, ойын қатарына кіретін, тапсырмалардың орындалуы, үш деңгейлік дыбыспен байланысты. Бұл сияқты тапсырмаларды орындаудың бірнеше факторы бар:

Позициялық дыбыс
Позициялық дыбыс тақшасы 3D-дыбыстың қасиетің көрсетеді. Direct 3D версиясының қазіргі және өтпелі кітапханасы Microsoft DirectX кіретін және оның версиясың көрсетеді.
1999 жыл бойы 2000 жылға дейін А3D компаниясының Aureal және EAX компаниялары Creative Labs. 2000 жылдың ортасына қарай Aureal компаниясы жабылды, одан Creative Labs. Бұл A3D компаниясы жабылуына әкелді.

Үш деңгейлі дыбысты өңдеу
Екінші жақсы қасиет ол үш деңгейлі дыбыстық тақшаны жөндеу. Үш деңгейлі дыбыс өндірісі және суреттеуі көрсететін қызығы сол ең алғаш компьютер ойындарда болады.

№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Аудиожүйе компоненттерін атаңыз?

  2. Дыбыстық тақша таңдау критерилері қандай?

  3. Дыбыстық файлдар қандай?

  4. Дыбыстық тақша: негізгі түсініктері және терминдерін атаңыз.



БАӨЖ 11. Енгізу-шығарудың тізбектей, параллель және басқа да интерфейстері
Мақсаты: Порттармен танысу, оладың айырмашылықтары мен артықшылықтарын білуге үйрету.
Жоспар:

  • Енгізу-шығару порттарына кіріспе;

  • USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire;

  • Стандартты тізбектей, параллель порттар;

  • Тізбекті порттар. Параллель порттар.


Ендіру – шығару порттарына кіріспе
Порттар жасалу түріне қарай параллель және тізбекті болып бөлінеді.
Дербес компьютерлерде негізгі ендіру/шығару интерфейсі үшін тізбектелген және параллель порттар қолданылады. Тізбектелген портқа информацияны беруші және қабылдаушы қондырғылар жалғастырылады. Тізбекті портта информация бір ғана өткізгіш арқылы беріледі. Тізбекті портқа “тышқан” тетігі, модемдер қосылады. Компьютерде СОМ1/СОМ3 және СОМ2 / СОМ4 оларды бір мезгілде қолдануға болмайды. Тізбекті порт ұяшықтар (розетка ) түрінде жасалады да 9 немесе 25 контактілі болады.
Ендіру/шығару интерфейстеріне тізбектелген, параллель порттар және универсаль тізбектелген шина (Universal Serial Bus), IEEE – 1394, SCSI мен IDE жатады. Тізбектелген портты – асинхронды тізбекті интерфейс деп айтады да, ол компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қолданылады. Тізбектелген термині деректерді бір ғана өткізгіш арқылы яғни бит информациялардың тізбектелініп бірінен соң бірінің берілуін сипаттайды.


шығыс пернелер тақтасы тізбектелген порттар параллель порт видео порт
ұяшықтар mouse ұяшығы

Типті жүйеде жүйелік блоктың артқы панелінде бір немесе екі тізбектелген порт орналастырылады. Цифрлық камера орнатуға арналған тізбекті порты бар компьютерлерде кездеседі. Ол жүйелік блоктың алдыңғы бөлігінде орналасады.


Қазіргі кездегі аналық тақшаның құрылымына тізбектелген портты басқаратын Super I/O микросхемасы кіреді. (Немесе South Bridge интегралдалған микросхемасы қолданылады). Тізбектелген портқа модем, плоттер, принтер, құралдарды басқару схемаларын, сканер және басқа компьютерлерді қосуға болады. Негізгі RS –232C стандартты тізбектелген порт қолданылады. Ол бір – бірімен сәйкес емес құрылғылар арасында да информация алмасуға мүмкіндік береді. Қондырғыларда жалғастырушы өткізгіш ұзындығы 15м аспауы керек.
Тізбектелген порт UART (Universal Asynchronous Receiver/Transmitter - әмбебап асинхронды қабылдаушы/таратушы) микросхемасында жасалынып, оның көмегімен компьютерден алынған деректерді параллель түрден тізбектелген форматқа және керісінше түрлендіру әрекеттерін басқарады. PC/AT компьютерлерінде UART 16450 микросхемалары, PS/2 компьютерлерінде UART 16550 микросхемалары қолданылады. Кейбір жағдайларда көптеген тізбектелген порттарды қолдану қажеттілігі туады. Ондай жағдайларда көппортты тақшаларды Remote Access Service – RAS қолдануға болады.
1990 жылдан бастап UART микросхемасын аналық тақшада Supe I/O деген атпен қолдана бастады. Бұл көпрежимді тізбектелген порт, ол екі UART тізбектелген портынан тұрады. (жұмсақ диск және пернетақта контроллері, кей жағдайда CMOS). Қазіргі жүйелерде Supe I/O функциясы South Bride микросхемасымен интеграцияланған. Компьютерге тізбектелген портты қосқаннан соң оның ендіру – шығару адресі мен IRQ үзілісін таңдап алу керек.
Компьютердің артқы бөлігіндегі панельде сыртқы құрылғыларды кабельдер арқылы қосуға мүмкіндік беретін ұяшықтар орналасқан. Олардың формалары әр түрлі, сондықтан атаулары да әр түрлі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет