Баөж дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы дк пайда болғанға дейінгі ет даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері. Жоспар



бет15/17
Дата03.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#60289
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
БАӨЖ (1)

Параллель порттар
Параллель портқа негізінен принтер қосылатындықтан оны “принтерлік” порт деп атайды. Оның параллель деп аталуы сигналдарды бір мезгілде 8 өткізгіш арқылы бере алады. Параллель портта информация тізбекті портқа қарағанда жылдам жеткізуге болады. Компьютерде параллель порттар LPT 1, LPT 2, LPT 3 деп таңбаланады да вилка (штырлар) түрінде жасалады.

Параллель порттардың IEE 1284 стандарты
1994 жылы бекітілген. Бұл стандартты паралель порттардың физикалық сипаттамасы, сыртқы сигналдардың өзгеру сипаттмасы белгіленген. Ол принтермен қатар сыртқы құралдарды (дискіқозғағыштар, желі адаптерлері) қосуға мүмкіндік береді.
IEEE 1284 стандартының өткізгіштік қабілеті жоғары, оның көмегімен екі компьтерді қатар қосуға болады. IEEE 1284 стандарты А, В, С типтерінде жұмыс істей алады.


1993 жылдан бастап EPP, ECP 8-разрядты параллель порттар қолданылады. Олар 50 кб/c жылдамдықпен информация тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде РС- тобындағы компьютерлерде «PS/2» типті «екі бағытты» және «кеңейтілген» параллель порттар бар. Оның көмегімен екі бағытта деректерді компьютерлермен сыртқы құрылғылар арасында алмасуға мүмкіндік береді. Екі бағытты информация алмасу порты 8- разрядты ендіру/шығару мүмкіндігін береді, оның информация алмасу жылдамдығы 150 кб/c.
EEP жетілдірілген портын 1991 жылы октябрь айында Intel, Xircom және Zenith Data Systems компаниялары шығарған. Бұл порт ISA шинасында барлық жылдамдықта жұмыс істей алады, өткізгіштік қаблеті басқаларынан 10 есе жоғары. Оның желі адаптерлері, дискіқозғағыштар, магниттік дискілер үшін информация алмасу жылдамдығы 2 мб/c .
ECP- Enhanced Capabilities Port портын Microsoft мен Hewlett– Packard компаниясы 1992 жылы шығарады. Ол EPP –ға ұқсас, информация алмасу қаблеті жоғары.
USB ұяшығы
USB, Fire Wite – ендіру/шығару интерфейсін USB және IEEE –1394 тізбекті шинасында үстелге қоятын және портартивті компьютерлер үшін жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін құрылғы жасалды, оларды iLink немесе Fire Wite деп атайды. Бұл жоғары жылдамдықты коммуникациялық порт бұрынғы порттардан өзгеше қолданылу аясы кең. Оны SCSI портына альтернатив ретінде қолдануға болады да сыртқы периферийлік құрылғылардың барлық түрін қосуға мүмкіндік береді. Ол бір мезгілде 8, 16 өткізгіш арқылы информация жеткізе алады.
USB құрылғысына басқа құрылғыларды қосу үшін жаңа тақшалар қою, жүйені түрлендіру қажет емес және жүйені үнемдеу қолдануға мүмкіндік береді. USB порты бар компьютерге сыртқы құрылғыларды қосқанан соң, баптап орналастыру өздігінен орындалады. Бұл стандартты Intel фирмасы жасады. Оның алғашқы түрі 1996 жылы, ал 1.1 түрі 1998 жылы жасалды.

USB арқылы бірнеше құрылғыларды қосу үшін концентраторды қолдану керек. Оның көмегімен USB –ның бір портына пернелер тақтасын, “ тышқан” тетігін, цифрлы камера, принтер, телефон т.б қосуға болады. Компьютерге негізгі концентратор деп аталатын модуль орналастырылады, ол басқа құрылғыларды қосуға арналған негіз болып табылады. Аналықтақшада 2 немесе 4 USB порты болады.
USB ұяшықтарының А және В типтері болады. USB штепселі USB ұяшығына бекітіледі.


Пернелер тақтасының ұяшығы арнайы DIN ( Deutsche Industry Norm) стандарты бойынша аналық тақшаға жалғастырылады. АТХ типті тақшаларға пернелер тақтасы PS/2 ұяшығы арқылы қосылады, сондықтан бұндай тақшаға ескі пернелер тақтасын қосу үшін аралық ауыстырып қосқышты қолдану керек.
№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Енгізу-шығару порттары қандай?

  2. USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire порттары қандай?

  3. Стандартты тізбектей, параллель порттардың айырмашылықтары қандай?

  4. Тізбекті порттар және параллель порттар артықшылықтары қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет