Қоректену желісіндегі қорғау құрылғылары. RTC/NVRAM батареялары.
Қоректендіру блогының қызметі желіден келетін электр энергиясын компьютердің жеке блоктарының тұтына алатын формасына түрлендіріп беру болып табылады. Қоректендіру блогы желіден келетін 220 В, 50 Гц айнымалы кернеуді тұрақты + 5 В, + 12 В кернеулерге түрлендіреді.
Қоректендіру блогының 7 форм факторы бар. Оның бесеуі IBM конструкциясы үшін, екеуі Intel негізінде жасалған. Қазіргі жүйеде оның үш форм факторы ғана қолданылады. Форм факторлардың атауы аналық тақшалардың атауына сәйкес келеді. PC/XT, AT және LPX форм факторларындағы қоректендіру блоктарын аналық тақшаға қосу үшін 6 контактілік жалғастырушылар қолданылады қазіргі кезде барлық компьютерлерде АТХ форм факторы қолданылады.
Цифрлық схемаларды (аналық тақша, адаптерлер тақшасы, дискілі ақпарат сақтағыштардың логикалық тақшалары) қоректендіру үшін + 5В, ал дискіқозғағыш және басқа да двигательдерді қоректендіру үшін + 12В кернеу қолданылады. Бұл кернеулер бір қалыпты болған жағдайда компьютер сенімді жұмыс істейді.
Қоректендіру блогы тек қана қажетті кернеулерді шығарып бермейді сонымен қатар кернеудің компьютер қалыпты жұмыс істеуіне сәйкес келетіндігіне де бақылау жасап отырады. Барлық қоректендіру блоктарында сыртқа шығатын кернеуді алдын–ала тексеріп отыратын құрал орнатылған. Кернеу нормаға сәйкес болғанда ғана аналық тақшаға Power Good (қалыпты қоректендіру) сигналы жіберіледі. Ол сигнал болмаса компьютер жұмыс істемейді.
Қоректендіру блогына артық жүктеме түскенде немесе ол қызып кеткен кезде шығыс кернеулері нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда компьютерде жұмыс істеуге болмайды. Одан қорғау тәсілін ІВМ фирмасы жасап шығарған. Бұл жағдайда Power Good сигналы компьютерді уақытша қолмен өшіруге мүмкіндік береді. Ауыстырып қосқыш көмегімен Power Good линиясын ортақ өткізгішпен тұйықтасақ, тактілік сигналдар шығару және процессор жұмысы тоқталады. Өткізгіш ажыратылғанда компьютер сигнал беріп, Power Good–тың қалыпты жұмыс істеуі басталады. Бұл қызметті компьютердің алдыңғы панелінде орналасқан Reset батырмасы атқарады. Қоректендіру блогынан шығатын өткізгіштер арнайы вилкалар арқылы бөлінеді де, ондағы өткізгіштер түрлі-түсті болады.