-Дон және Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөнінде операция кезінде қазақстандық подполковник Т.С.Позолотин басқарған полкі ерекше көзге түсті.
Ақтөбе облысындағы Байғанин, Ақтөбе, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.
Пешной-Атырау-Орск мұнай құбыры мен теңіз портын салу міндеті шешілді.
Атырау майданы Кавказ және Орта Азиямен жалғастырушы аймақ.
1942 ж. 23 қазанда Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін арнаулы радиохабар ұйымдастырды. Хабарға қатысушылар: Қазақ ҚСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы- Н.Оңдасынов, жазушы-С.Мұқанов т.б.
Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды.
Батыс Қазақстанға 20 госпитальдар көшіріліп орналастырылған.