Мыстан к:-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оны бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.
Сиқыршы: Қазір сендер Ақша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.
Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.
Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады. ЖҮргізуші: -Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.
-Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан
Ақша қар: Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Шырша жанында ән. «Тауда туып тауда өскен» әні Ортаға ескі жыл мен жаңа жыл шығады!! Аяз ата: -Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Барыс (ескі жыл): Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қояндар залға кіріп келеді) Қоян жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Барыс жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-
жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар сеңдерге жаңа жылымыз қоян жылы сіздерге жақсы бір қояндар биін алып келіпті!!!Кәне қояндармен бірге билейміз бе??