Барлық жандар бір білекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын



бет6/6
Дата10.04.2023
өлшемі26,85 Kb.
#81324
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сценарий Жаңа жыл

Қояндар биі
Ақшақар: Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.
(Балалардың тақпақтары мен ән жіне билері)
Ақша қар: өнерлерің керемет екен.
Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма ,қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.
Бірнеше рет ойнау.
Аяз Ата:-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін
Ойын ойналады.
Ақшақар:Ендеше ойын ойнап болсақ мемен бірге ақшақарлар биін билесеңіздер.
(Ақшақар биі)
Сиқыршы:Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.
Аяз Ата -әрине ойна.
Сиқыршы: -Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық. 
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)
Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет