5.Тақырыбы: Зат есімнің категориялары.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Зат есімнің категориялары және ерекшеліктері.
Септік категориясы оның ерекшелігі Тәуелдік және көптік категориялары.
3.Дәрістің мақсаты: Қазақ тілінде көптік категориясы және көптік жалғау категориясы деген ұғымдар бар. Ол ұғымдар бір-бірімен тең емес. Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау категориясы деген ұғым жалқы болып келеді.
Көптік жалғауларының беретін семантикалық мағынасы да, атқаратын стилистикалық қызметі де сан алуан.
4. Дәріс мазмұны: Қазақ тілінде көптік категориясы және көптік жалғау категориясы деген ұғымдар бар. Ол ұғымдар бір-бірімен тең емес. Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау категориясы деген ұғым жалқы болып келеді.
Қазақ тілінде көптік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы беріледі. Ал көптік жалғау категориясы осы көптік категориясының берілуінің бір жолы ғана. Яғни, көптік жалғау категориясы көптік категориясының құрамына кіреді.
Көптік категориясы үш түрлі тәсілмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы (морфологиялық), аналитикалық тәсіл арқылы (синтаксистік).
1. Лексикалық тәсіл. Кейбір сөздер ешқандай қосымшасыз, жеке тұрып-ақ, өзінің мағынасымен көптік ұғымды білдіре алады. Мысалы: тұз, ұн, сүт, шөп, арпа, бидай, алданыш, ізгілік, тары, ақыл, достық, қуаныш, жалқаулық т.б. Яғни, сөздің лексикалық мағынасы арқылы көптік ұғымның берілуін лексикалық тәсіл деп атайды.
2.Аналитикалық тәсіл. Зат есімдер сан есімдердің есептік, болжалдық түрімен, сондай-ақ көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар секілді сөздермен тіркесіп келіп те көптік ұғымда беріле алады. Мысалы: көп адам, екі адам, бірнеше адам, қыруар адам т.б.
Көптік ұғым сөздердің қосарлануы арқылы да беріледі. Мысалы: бала-шаға, кемпі-шал, жігіт-жеоең т.б. Бұл тәсіл көптік ұғымнан гөрі жинақтауу, жалпылау, топтау ұғымдарын береді.
3.Синтетикалық тәсіл. Көптік ұғым қазіргі қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы жиі беріледі. Көптік мағынасын беретін қосымшалардың қазақ тілінде үш түрі кездеседі:
1) –ыз, -із, -з формасы.
2) –к,-қ формасы.
3)-дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер формасы.
1. –ыз, -із, -з формасы туралы. Бұл форма тілімізде көне заманнан қалған сарқыншақ форма ретінде, бірен-саран сөздерде ғана ұшырасады. Мысалы: біз, сіз деген жіктеу есімдіктерінің құрамында –ағы,-з формасы көптік мағынаны беріп тұрған форма. Ол форма көнеленіп, түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл форма қазақ тілінде біз, сіз көз, егіз деген жіктеу есімдіктерінің құрамында –ағы, -з формасы көптік мағынаны беріп тұрған форма. Ол форма көнеленіп, түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл форма қазақ тілінде біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында ғана кездеседі. Ғалымдар бұл қосымшаны екеу, жұп деген түсінікті беруде пайдаланатын форма деп есептейді. Көбінесе, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына қосылып берілген деп топшылайды.
Қазақ тілінде бұл формаға омонимдес, тәуелдік жалғаудың сыпайы түрінің 2 жағы болып келетін форма да бар: -ің, -із, -ың, -ыз, -ң-із, -ң-ыз. Алайда, бұл қосымшаның мағынасы да, қызметі де басқа.
2. –к, -қ формасы туралы. Етістіктің ашық райының жедел өткен шағынан кейін, бұйрық райынан кейін, шартты райынан кейін 1 жақтың көпше түрінде –К,-Қ деген формалар жалғанады. Мысалы: айт-ты-қ, айт-ай-ық, айт-са-қ; кел-ді-к, кел-ейі-к, кел-се-к т.б. Бұл форма да ерте заманда көптік мағынаны білдірсе керек.
3. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формасы туралы. Қазақ тіл білімінде бұл форманы заңды түрде көптік жалғаулары деп атайды.Бұл форма тілімізде, негізінен зат есімдерге, есімдіктерге және субстантивтенген басқа да сөз таптарына, етістіктің жіктелетін формасының 2 жақтарына жалғанып, көптік мағынаны білдіреді.
Көптік жалғауларының беретін семантикалық мағынасы да, атқаратын стилистикалық қызметі де сан алуан. Солардың кейбіріне тоқталайық:
1. Зат есімдерге жалғанып көптік мағынасын білдіреді. Көптік мағына сандық ұғымды білдірмейді, әрі нақты болмайды. Тек жалпы түрде ғана көптік ұғымды білдіреді.
2. Сын есімдерге , есімшелерге жалғанған кезде сол сөз таптарын зат есімге айналдырады, әрі көптік мағынасын үстейді. Мыс: жақсылар, келгендер т.б.
3. Сан есімдерге жалғанған кезде мөлшер не болжал мағынасын береді. Мыс: Мен сағат бестерде ораламын.
4. Көптік жалғаулары зат есімдерге жалғанып, көптік мағынасын емес, топтау, жинақтау мағынасын да бере алады.
5. Көптік жалғаулары сан жағынан бөлшектеп көрсетуге келмейтін бір текті нәрселердің жиынтығын білдіретін атауларға жалғанғанда олар заттың көптігін ғана емес, оның түрінің, сортының да әр түрлі екенін білдіреді. Мыс: нандар, тәттілер т.б. Көптік жалғаулары көп адамға ортақ бола алатын заттардың атауларына жалғанып, сол сөздің бірнеше адамға ортақтығын білдіреді. Мыс: Әкелерін қатты сағынды.
6. Көптік жалғаулары орын, мекен атауларына жалғанып, сол сөзге «сол жақ», «сол маңдай» деген сияқты тұспалмау реңін жамайды. Мыс: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.
7. Мезгіл атауларына жалғанып та тұспалдау, шамалау мағынасын береді. Мыс: Кешелер, ертеңдер, қыстың орталарында, марттың бастарында т.б.
8. Көптік жалғауларын керек етпейтін, зат есімдер тобы жалқы есімдер. Бірақ, көптік жалғаулары жалқы есімдерге де жалғанып келе алады. Ондайда көптік жалғауы «сол кісі» және «басқалар» деген түсінікті береді. Мыс: Әкемдер үйге кірді.
9. Көптік жалғаулары көмекші сөздер мен модель сөздерге де жалғанып келе алады. Ондай кезде к.ж-ры бүтін тіркестің ең соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мыс: Нұржан мен Еркін сияқтылар көбейіп келеді. Көлігі барлар көше бастады.
10. Көптік жалғаулары даралап санауға болмайтын, көптік формада жұмсалмайтын сөздерге жалғанған кезде, ол сөздер өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мыс: сақалдар, мұрттар, ішіктер, шаштар т.с.с.
3.Көптік жалғауларының қолданылуының да өзіндік кейбір ерекшеліктері бар. Мыс: сөйлемнің біріңғай мүшелеріне көптік жалғаулары екі түрлі сипатта жалған алады.
1. а) көптік жалғаулары біріңғай мүшелердің әрқайсысына түсірілмей жалғанады. Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып , мөлдір күйлер, сұлу әндер тартушы еді. (М.Ә)
б) көптік жалғаулары біріңғай мүшелердің тек ең соңғысына ғана жалғанып, алдыңғыларына жалғанбайды. Мыс: Тымақбайдың артынан Жүсіп, Қадырберген, Жақыптар сөз алып сөйледі. (Б.М.)
2. Бастауыш жіктеу есімдігінің 2 жағының анайы, сыпайы түрінің көптік формасында тұрса, онда баяндауыштар да көптік формасын қабылдап қиысып тұрады. Мыс: Сендер бүгін келіңдер т.б.
3. Бір сөзге бірнеше жалғау қабаттасып жалғанған кезде түбірге көптік жалғаулары бірінші болып жалғанады. Бірақ кейбір стилистикалық мақсатта қолдануда көптік жалғауы бірде тәуелдік жалғауынан кейін, бірде алдында келуі мүмкін. Ондайда әр қолданыстың өзіндік ерекшеліктері болады. Мыс: апаларым көптік мағынасын беріп тұр да, апамдар-апам және басқалар деген ұғымды беріп тұр.
Зат есімге тән категориялардың бірі – тәуелділік. Тәуелділік категориясы деп белгілі бір заттың кімнің меншігі екендігін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз.
Қазақ тілінде тәуелдік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы беріледі:
Аналитикалық тәсіл арқылы,
Аралас тәсіл арқылы (морфология-синтаксис)
3. Синтетикалық тәсіл арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |