Барлығы – 45 сағат



бет57/96
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12956
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96
Байланысты:
Мор.Ниязғалиева

6.Тақырыбы: Зат есім.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Зат есімнің лексика–грамматикалық топтары, ерекшеліктері.

  2. Зат есімнің морфологиялық сипаты.

  3. Зат есімнің жасалу жолдары.


3.Дәрістің мақсаты: СӨЗ ТАБЫ деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.

Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш белгіні бәрін іздеп /яғни, лексика-сематикалық, морфологиялық және синтаксистік/, осы жоғарыдағы принципке үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да болады.

Мысалы, одағай сөздерді анықтауда оның морфологиялық белгісін іздеудің тіпті қажеті жоқ сияқты. Немесе көмекші сөздерді соның ішінде шылауларды анықтауда олардың семантикасын, сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ған негізге алып, морфологиялық белгісін іздеудің қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты болды.Мысалы, тілімізде омоним сөздер көп кездесіп отыратыны кім-кімге де белгілі жәй. Ондай кезде сөзді анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ.

4. Дәріс мазмұны:

Тіл білімінде ерте кезден бастап сөздерді атаушы немесе негізгі сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы қалыптасқан.

Сөз таптарын анықтау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете зерттеу үшін өте керек. Сондықтан сөздерді лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мәселесі болып табылады.

Атаушы сөздер қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа белгілердің, іс-әрекеттің атаулары болатын толық лексикалық мағынасы бар сөздер жатады. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау, яғни тіреу есебінде қызмет етеді. Сондықтан оларды кейде негізгі сөздер деп те атайды.

Көмекші сөздерде атаушы сөздердегідей дербестік болмайды. Лексикалық мағыналарының әлсіреп күңгірттенуі және ондай мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын және оларды атаушы сөздерден ажырататын белгілер болып табылады. Тіл білімінің тарихында сөз таптарының табиғаты туралы әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары лексика-грамматикалық категория болып саналса, екіншісі бойынша сөз таптары формальдыграмматикалық категория, ал үшінші бір көзқарас бойынша, сөз таптары сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.

Сөз таптарының табиғатын толық тану үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс.

Енді осы пікірлердің әрқайсысына тоқталып өтейік. Сөз таптарын лексика-грамматикалық категорияға жатқызатындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері бойынша топталып, соған сәйкес белгілі бі сөз табына телінеді деп түсіндіреді.

Бұл пікірді көпшілік белгілі ғалымдар мақұлдайды. Мысалы: орыс тілінің көрнекті маманы А.А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, граммматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Зат есімдерге заттың атауы мағынасы және жекеше-көпшелік, септік, тәуелдік мағыналары тән. Ал, етістіктерге қимылдың атауы болатын лексикалық мағына мен грамматикалық мағына болып саналатын болымсыздық, етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар тән болып келеді.

Орыс тіл білімінде сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп санайтын пікірді қуаттайтын ғалымдар қатарында акад. В.В.Виноградов та бар. Бұл ғалымдардың осы пікірі сайып келгенде И.А.Бодуен де Куртенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы көзқарасына барып тіреледі.

Акад. И.И.Мещанинов та сөз табын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара ұштасуы деп қарайды. Осы пікірді Н.С.Поспелов та қолданды.

Сөз таптарын грамматикалық категория деп қарайтын ғалымдар да бар. Олардың қатарына О.П.Суникті, А.А.Реформатскииді жатқыызуға болады. Суник сөз таптарын ажыратуда негізге алынатын белгі лексикалық мағына емес, әр сөз табына тән жалпы грамматикалық мағына деп санайды. Оның пікірінше, заттылық зат есімге тән, оны басқа сөз таптарынан ажырататын басты, жалпы грамматикалық мағына болып саналады. Ал жалпы грамматикалық мағына сол сөз табының лексикалық мағыналарында да, синтаксистік қызметінде де көрінеді дейді.

Осындай пікір А.А.Реформатскийдің еңбектерінде де көрініс табады.

Біздің байқауымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп санайтын пікір, ғылыми жағынан құнды сияқты көрінеді.

Сонымен, сөз таптарын бір-бірінен тек грамматикалық ерекшеліктері жағынан емес, сондай-ақ лексикалық мағынасы жағынан ерекшеліктерін ескере отырып ажырату керек деген бір топ ғалымдардың /басым көпшілігінің/ пікірін дұрыс деп есептеуге болады.

Орыс пікірдің негізінде, қазақ тіліндегі сөзқдерді топтастырудың принциптеері туралы мәселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуде бір-біріне таяныш болатын тірек- семантикалық белгі. Осы семантиккалық белгі сол сөздерді одан әрі іштей топтастыруға да бірден-бір сенімді тірек болады.

Тілдегі барлық сөздерді топтастырғанда мынадай екі принципті басшылыққа аламыз:

1. Барлық топтастыратын сөздер сөздік құрамға енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздердің лексикалық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздің лексикалық жағын ескеру деген сөз олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Сондықтан, әрбір сөз табына енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс.

2. Сөздерді грамматикалық жағынан топтастыру, олардың түрлену, өзгеру жүйесін, сөздердің тіркесу мүмкіншіліктерін, сөйлемдегі синтаксистік қызметін, тағы басқа осы сияқты мәселелерді анықтау тәрізді міндетке бағытталу керек. Бұл принциптер тікелей грамматикада қарастырылатын мәселелер. Ендеше, қандай болмасын сөздің, сөз табына топтастырылғанда, грамматикалық жақтары ескерілуі керек.

Міне, сөздерді топтастыру принциптері дегеніміз- осылар. Яғни, тілдегі сөздер сөз табына топтастырылғанда екі белгісіне қарай басшылыққа алынып айырылады: лексика-семантикалық жағы және грамматикалық /морфологиялық және синтаксистік/ жағы.

Осы принциптен сөз табы деген ұғым лексика-грамматикалық деген қосарланған компоненттердің жиынтығы деген түсінікке алып келеді.

СӨЗ ТАБЫ деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.

Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш белгіні бәрін іздеп /яғни, лексика-сематикалық, морфологиялық және синтаксистік/, осы жоғарыдағы принципке үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да болады.

Мысалы, одағай сөздерді анықтауда оның морфологиялық белгісін іздеудің тіпті қажеті жоқ сияқты. Немесе көмекші сөздерді соның ішінде шылауларды анықтауда олардың семантикасын, сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ған негізге алып, морфологиялық белгісін іздеудің қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты болды.Мысалы, тілімізде омоним сөздер көп кездесіп отыратыны кім-кімге де белгілі жәй. Ондай кезде сөзді анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ.

Мысалы, Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Тойға барсаң тойып бар, деген халық арасына кең тараған екі сөйлемді алайық. Осы сөйлемдерде бір-бірімен омонимдес көш-көшкен, тойға-тойып сияқты сөздер бар. Әрқайсысы әр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. Себебі, әр сөз тек өзі жататын сөз табының грамматикалық категориясын қабылдап, түрленіп тұр.

Екінші мысал, Бөлмеге жарық түсті. Ол жарық бөлме. Түйеге ауыр тең буылған.Тең құрбының алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді бірде сын есім болып тұр. Оны біз мағынасынан, әсіресе семантикалық белгісінен ажырата аламыз.

Үшінші мысал, 1. Хасеннің басынан қалпағы ұшып түсті.

2. Қаратаудың басынан көш келеді.

3. Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруы керек еді.

Осы сөйлемдерде үш басынан деген сөз бар. Бір жағынан, олардың арасында мағына байланысы бар секілді. Тереңірек анализ жасап көрелік. 1- сөйлемде басынан сөзі өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. 2-сөйлемде мағынасы солғылданып, дербес сөйлем мүшесі болмай, күрделі мүшенің сыңары болып тұр. Яғни, осы сөйлемдегі басынан сөзі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал, 3-сөйлемдегі осы сөз лексикалық мағынасы жағынан, қызметі жағынан да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет