Барлығы – 45 сағат



бет74/96
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12956
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
Байланысты:
Мор.Ниязғалиева

4. Дәріс мазмұны: Сұрау есімдіктері заттың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін және т.б. қасиеттерін білу мақсатында айтылады. Оларға мынадай сөздер жатады: кім, не, неше, қанша, қалай, қандай т.б.

Бұл аталған есімдіктер басқа да сұрау есімдіктері қатарына жататын сөздер бар. Алайда, олар белгілі бір жолдар бойынша жоғарыда көрсетілген есімдіктерден қалыптасқан. Мысалы: нешеу, нешінші есімдіктері есімдік формасына сан есімнің қосымшалары жалғану арқылы қалыптасқан.

Қайсы, қайдан есімдіктері қай сөзінен туындаған. Қайсы есімдігіндегі -сы көрсеткіші қазір өзінің мәнін жоғалтқан тәуелдік жалғауының III жағы болса керек. Қайсы формасына қазіргі қазақ тілінде тәуелдік жалғауы жалғана бараді.

Қайдан, қайда сұрау есімдіктерінің құрамында шығыс және жатыс септіктерінің қосымшалары кездеседі.Қазақ тілінде қай есімдігіне басқа сөздердің қосымшалары жалғанбайды. Мұндай ерекшелік көптеген түркі тілдерінде кездеседі.Қанша есімдігінің құрамы қан және ша формаларының қосындысы негізінде қалыптасқан.Соңғысы үстеудің жұрнағы деп айтылып жүр. Ал қандай есімдігі қан сөзі мен -дай жұрнағының бірігуі арқылы жасалған.Қалай есімдігінің құрамында -лай жұрнағы бар. Мысалы: осы- лай, сол-ай деген есімдіктерімен салыстырып қарауға болады.Ал қашан есімдігінің этимологиясы туралы тюркологтар қызықты пікір айтады.Академик А.Серебренников «Түркі тілдердің салыстырмалы- тарихи грамматикасында» әзірбайжан тілінде осы есімдік қай-шақ деген мағыналы екі сөздің қосындысы деп есептейді. Бұл тұжырымқазақ тіліне де бөтен емес.

Осы пікірлерді ескере отырып, біз мынадай тұжырым жасай аламыз. Қай, қайсы, қайдан, қалай, қашан есімдіктерінің о бастағы төркіні бір болуы керек, яғни қай, қан, қа сөздері.

Кім, не, қайсы, нешеу секілді сұрау есімдіктері септеліп те, тәуелденіп та, жіктеліп та қолдана береді. Қайсы есімдігі тәуелденіп барып септеледі.Қашан есімдігі тек атау, барыс, жатыс, шығыс септік формаларында келе алады.

Сұрау есімдігінің септелу үлгісі.

А. кім, не, неше, қай, қайсы, қанша, қашан.

І. кімнің, ненің, неменің, қайсының.

Б. кімге, неге, неменеге, нешеге, өайсыған, қаншаға, қашанға.

Т. кімді,нені, неменені, қайсыны.

Ж. кімде,неде, неменеде, нешеде,қайда, қайсыда,қаншада.

Ш. кімнен, неден, неменеден, нешеден, қайдан, қайсыдан,қашаннан, қаншадан.

К. кіммен, немен, неменемен.

Тәуелдік жалғауы сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Қай, қашан, неше, қалай есімдіктері мүлде тәуелденбейді. Ал қандай есімдігі тек III жақта ғана тәуелденеді.

Кейбір сұрау есімдіктері жіктеледі. Сондай-ақ барлық сұрау есімдіктері де көптік жалғауын қабылдап, түрлене алмайды. Тек кім, не, неше, қандай есімдіктері көптеле алады. Қазіргі қазақ тілінде қані деген сұрау есімдігі бар. Мысалы: Менсіз барып бітірген ісің қані. Осы есімдік әні, міне сілтеу есімдігімен ыңғайлас келеді.

Яғни, сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіретін, бәріне бірдей ортақ грамматикалық белгі болмайды. Олар тек белгілі бір формалар мен қызметтер арқылы бірігеді.

Сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіріп тұратын негізгі белгі- олардың сұраулық мәні сұрау қалпында қолданылуы. Енді сұрау есімдіктерінің синтаксистік қызметі туралы бірер сөз. Сұрау есімдіктері негізінен сөйлем ішінде сұрау мағынасын тудыру мақсатында жұмсалады. Бұл баланы қалай оқытуым керек? Кейде сұрау есімдігі сөйлемде қосарланып та айтылады. Мұндай қолданыста сұрау мағынасынан гөрі саралау, жекелеу мәні басым болады. Үйге кім келді? Қайсың келдің?

Сөйлемнің мағыналық ерекшелігіне қарай және қолдану өзгешелігіне сәйкес сұрау есімдіктері кейде сұрау мәнін бермейтін кездер де болады. Мысалы: Ырысты, еркің, азат елім қандай,

Кең байтақ, кең дәулетті жерім қандай.

Осы сөйлемдегі қандай сөзі сұрау мағынасын емес, адамның көңіл- күйін білдіріп, экспрессивтік мағына беріп тұр.

Сұрау есімдіктері өзінің сұрау мағынасынан алшақтап, контексте айтылатын қызметіне қарай, заттар мен құбылыстар, амал, мекен, мезгіл ұғымдары дәрежесінде қолданылатын кездері де болады. Ондай қолданыста сұрау есімдіктері өзіне жауапты керек етпейді, ол жауап сұрау есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін заттық және белгілік, мекендік не мезгілдік мағыналарының аңғарылуы арқылы беріледі. Мысалы: Қызыққан кісің кім, оны мына Жиренше танытты. Құдіретімді кім қостаса, досым, жаным сол. Осы сөйлемдерде сұрау есімдіктері сұрау мағынасын емес, қатыстық мағынаны беріп тұр. Есімдіктердің бұлай қолдануы әсіресе, құрмалас сөйлемдер жүйесіне тән. Соның ішінде шартты бағыңыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуында мол кездесіп отырады.

Сөйлем ішіндегі орны жағынан сұрау есімдіктері тікелей баяндауышқа тете тұрады, себебі, білуді мақсат етіп, сұрау қойған кісі сұраулы сөзге жауап беруші адамның назарын аударады. Сұрау есімдіктері көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те , жіктеліп те / барлығы болмағанмен/ қолданылатын болғандықтан, олар сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқарады.

Өздік есімдігі.

Қазіргі қазақ тілінде есімдіктердің бұл түріне бір ғана өз сөзі жатады. Өз сөзі көбіне өзім, өзің, өзі, өзіңіз, формасында тәуелденіп қолданылады. Өздік есімдіктері обьектіні не субьектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып кқрсетуші сөздер болып есептеледі.Мысалы:

Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын,

Өзім ақын, өзім сал кімге зармын...

Осындағы өзім есімдігі сөз иесі Біржанды өзге субстанциялардан бөліп алып көрсетіп тұр.

Өздік есімдігінің құрамында қолданылатын тәуелдік жалғаулары кейде түсіріліп те айтыла береді. Мысалы: Өз үйім, өлең төсегім.

Өздік есімдігінің тәуелденуінің екі түрлі ерекшелігі бар:

а) Жіктік есімдіктері қатар келіп те, қатар келмей де қолданыла береді. Қатар келгенде өздік есімдіктері тәуелдік жалғауының қай жағында тұрса, жіктеу есімдіктері де сол жағында тұрып қолданылады: өзім- мен өзім, өзің- сен өзің, өзіңіз- сіз өзіңіз т.б.

ә) Егер тәуелділік жалғаулы өздік есімдігі сөйлемде бастауыш қызметін атқарса, онда баяндауыш жіктік жалғауын қабылдап, жақ жағынан қиысады. Тәуелденген зат есімде мұндай қасиет болмайды. Мысалы:

Өзім оқыдым Балам оқыды

Өзің оқыдың Балаң оқыды

Өзіңіз оқыдыңыз Балаңыз оқыды

Өзі оқыды Баласы оқыды

Өздік есімдіктері тәуелденіп барып септеледі. Септелу формасында байқалатын ерекшелік жоқ. Өздік есімдігі тәуелдеулі зат есімше септеледі.

Өздік есімдіктеріне әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар қосылу арқылы, сөздердің бірігіп және қосарланып айтылуы арқылы қазіргі қазақ тілінде біраз жаңа сөздер де пайда болған. Ол сөздерді топқа бөліп қарастырамыз:

1. Морфологиялық тәсіл арқылы қалыптасқан сөздер. Өздік есімдіктеріне -шыл, -шіл, -дік, -ке қосымшаларын жалғау арқылы туынды сын есімдер пайда болады. Мысалы: өзім- шіл, өзің- дей т.б. -ше, -дігінен қосымшасы жалғанған кезде үстеу жасалады: өзінше, өздігінен. -сін жұрнағы жалғанып туынды етістік қалыптасады.

2 . Синтаксистік тәсіл арқылы. Өзді- өзі, өзіне- өзі, өзін- өзі сияқты қосарланып айтылу нәтижесінде туынды үстеу қалыптасады.


Белгісіздік есімдіктері.

Есімдіктердің бұл түрі заттар мен құбылыстарды және олардың сапа белгілірін, санын, мекен, амал тағы басқалары анық етіп, ашып айтпай көмескі түрде көрсетіп, белгісіз етіп айтады.

Белгісіздік есімдіктерінің пайда болуында үш сөздің маңызы ерекше. Ол сөздер белгісіздік есімдігінің жасалуына негіз болады. Ол сөздер : бір, әр, әлде. Белгісіздік есімдіктері осы сөздердің басқа есімдіктермен бірігуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен белгісіздік есімдіктерінің қатарына мына сөздер енеді: біреу, кейбіреу, әрбір, әрне, әлдекім, әрқайсы т.б.

Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан екі салаға бөлінеді.

1.Олар - кейбір сөздердің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтай келе, белгісіз мағыналарға ие болып, сол негізде белгісіздік есімдіктері қатарына ауысуы жолымен пайда болған, яғни лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер. Бұған сан есімдерден ауысқан бір, біреу сөздері және кей сөзі, араб тілінен ауысқан әр, әлен, пәлен сөздері жатады.


2.Белгісіздік есімдіктерінің бәріне тән өзіндік ерекшелік деп көрсетерліктей морфологиялық түрлену формасы жоқ. Олардың грамматикалық өзгеру формалары қай сөз таптарына бейім екендігі байланысты болып келіп отырады.

Бір, пәлен, әлдеқалай сөздері сын есімге ұқсас, ал біреу, әлдене, әркім есімдіктері зат есімдерше түрленеді. Бірнеше, әлденеше сөздері сан есімге бейім болады. Белгісіздік есімдіктері қолдану сипатына сәйкес сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайды. Ол формалар белгісіздік есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Белгісіздік есімдіктеріне сөз түрлендіруші формалардың жалғану еолардың атрибутивтік не субстантивтік түрде қолданылуына байланысты, соған сай болып отыратын құбылыс. Тәуелдік жалғаулары белгісіздік есімдіктерінің әлді, әрне, әлдекім, әлдеқалай, әркім сияқты түрлеріне жалғанбайды. Бірнеше, бір, біреу, кей, кейбір сияқты түрлері тек ортақ тәуедеу түрінде ғана тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: бірнешеміз, бірнешесі, бірміз .

Осы аталған белгісіздік есімдіктерінен басқалары оңаша және ортақ тәуелдеудің жалғауларын қабылдайды.

Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Кқптік жалғаулары тек бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әлдекім, әлдене, әркім секілді есімдіктерге жалғанады. Белгісіздік есімдіктерінің септелу үлгісі де бірдей емес. Мысалы; үнемі атрибут есебінде қолданылатын әрне, әл, әлдеқашан есімдіктері септік жалғауларын ешқашан қабылдамайды. Ал әлдеқашан, әлдеқалай сөздері әлдеқашаннан, әлдеқайдан, әлдеқайда деген формада қолданылады.

Бір, бірнеше, кейбір, әлденеше, әрбір есімдіктері тәуелденіп барып септеле алады.

Белгісіздік есімдіктері бірдеме, бірдеңе, бірнәрсе, кейбіреу, әлдекім секілді түрлері көбіне зат есімнің орнына өызмет атқарады. Сондықтан олар толық септеле алады.

Белгісіздік есімдіктерінің сөзжасам ерекшеліктері туралы біз жоғарыда айттық. Алайда, тек есімдіктер ғана жасалып қоймай, басқа сөздер де жасалады. Мысалы: пәлен есімдігіне -ше, -дей жұрнақтары жалғану арқылы пәленше, пәлендей сөздері жасалып тұр. Немесе бір есімдігіне -ер жұрнағы тіркесіп бірер сөзі қалыптасқан.
Болымсыздық есімдіктері.

Қазіргі қазақ тілінде болымсыздық есімдіктеріне мына сөздер жатады: еш, ешкім, ешнәрсе, дәнеңе, түк, дым.

Болымсыздық есімдіктерінің жасалуында біркелкі ерекшеліктер бар:

а) Болымсыздық есімдіктерінің басым көпшілігі еш сөзі мен сұрау және белгісіздік есімдіктерінің бірігуінен жасалған. Мысалы: ешбір, ешкім т.б.

ә) Болымсыздық есімдіктерінің бір тобы белгілі бір сөздердің лексикалануы арқылы жасалады. Кейбір сөздер өзінің лексикалық мағынасынан алшақтап, болымсыздық мағынасын білдіреді. Мысалы: дым, түк.

б) Бір сөзі мен де шылауы тіркесінен де болымсыздық есімдігі жасалады. Мысалы: Жұмыссыз жүрген бір де жан жоқ.

Сондай- ақ бірде-бір сөзі де болымсыздық мағынасын білдіреді.Бір де , бірді-бір есімдіктері еш деген болымсыздық есімдігімен мағыналас болады да, есім сөздермен тіркесіп, атрибут есебінде қолданылады.

Еш сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Болымсыздық есімдіктерін жасауда актив қызмет атқаратынын көріп отырмыз. Өз алдына жеке тұрып, тілімізде сирек қолданыс табады.

Болымсыздық есімдіктерінің де грамматикалық түрленуі де басқа есімдіктер сияқты біркелкі болып келмейді. Көптік жалғаулары олардың түбіріне тікелей жалғанбайды,тәуелденіп барып жалғанады, онда да болымсыздық есімдіктерінің бәріне бірдей емес, тек ештеме, ешнәрсе түк, дәнеңе секілді есімдіктерге жалғанады.

Мысалы: ештемелері, түктері т.б.

Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің жекеше түріне түгел жалғана бермейді. Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тәуелдене алады:

Ешкімім Ештеңем Ешнәрсем

Ешкімің Ештеңең Ешнәрсең

Ешкіміңіз Ештеңеңіз Ешнәрсеңіз

Ешкімі Ештеңесі Ешнәрсесі

Болымсыздық есімдіктерінің септелу жүйесі де біркелкі емес. Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тек жекеше формада септеледі. Ал көпше түрде септелмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет